Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын
Осы редакция 2007 ж. 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 55-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегi қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; су пайдаланушы - ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін қызметі суармалы жерлерді игерумен байланысты жеке немесе заңды тұлға. 3. Субсидиялар осы қызметтерді жүзеге асыратын су берушілерге суару үшін су беру жөніндегі шығындарын ішінара өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады. 4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі. 5. Субсидиялар су берушілерге олар үшін белгіленген су пайдалану лимиті шегінде субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. 6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста өңірлік жағдайларды ескере отырып, саралап белгілейді. 7. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру су беруші мен су пайдаланушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялар төлеудің тәртібі және су пайдаланушыларға су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың шарттары
8. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөніндегі қызметтерді алу үшін су пайдаланушылар ағымдағы жылдың 25 сәуіріне дейінгі мерзімде су берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес су тұтынуға өтінім; жер пайдалану құқығына актінің, жер пайдалануға шарттың көшірмесі, немесе аудандық әкімдіктің жер учаскесін бөлу туралы шешімінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмелер). 9. Су беруші жыл сайын 1 маусымға дейін осы Ереженің 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес су пайдаланушылармен субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде алдағы суару маусымына арналған шарт жасасады. Егер су пайдаланушылар вегетацияаралық (дымқылдату және суғару) суаруларды жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейін жасалуға тиіс. 10. Су беруші су пайдаланушыларға су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін: 1) бір ай мерзімде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментіне (басқармасына) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен келісім бойынша субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган субсидиялауды ескере отырып бекіткен су беру жөніндегі қызметтерге тарифті көрсете отырып, тарифтер бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тиісті жылға арналған тізбесін береді; 2) ай сайын су пайдаланушылар бөлінісінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімімен алдын ала келісілген, субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін мыналармен: үш данада жасалған (су беруші, су пайдаланушы және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) үшін) су беру жөніндегі қызметтердің актілерімен; су пайдаланушылармен бірге салыстырып тексерілген су беру жөніндегі ақысы төленген қызметтердің нөмірі мен күні қойылған төлем құжаттарымен қоса, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментіне (басқармасына) береді; 3) субсидия мөлшерін Ауылшармині бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге тарифті бекітуге өтінім жасайды. 11. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы): алған күнінен бастап он күн мерзімде субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтер үшін ақы мен табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялауды ескере отырып тарифті көрсете отырып, тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тізбесін бекітеді; су пайдаланушылар бөлінісінде су берушілер берген субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және осы Ереженің 10-тармағына сәйкес көрсетілген қызметтерді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді; субсидиялардың тиесілі сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін су берушілердің есеп шоттарына аударады; ай сайын тиісті есепті жылдан кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменттері (басқармалары) Ауылшармині бекіткен нысан бойынша Ауылшарминіне бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп береді. 12. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган су беруші мен су пайдаланушының ұсынылатын шартының субсидияларды ескере отырып тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылар тізбесінің, қызметтер көрсетудің ай сайынғы актілерінің үлгі нысандарын бекітеді. 13. Ауылшармині өз құзыреті шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.
өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 қосымша
2006 жылғы _________________________________ мерзімде субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су пайдалануға ӨТІНІМ 1. Су пайдаланушы_____________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) 2. Суарылатын жердің болуы__________________________________га оның ішінде пайдалану көзделіп отырған______________________га
4. Су тұтыну көлемі, барлығы______________________ мың.текше метр; оның ішінде вегетациялық кезең_________________ мың.текше метр; вегетацияаралық кезең__________________________ мың.текше метр.
Су пайдаланушы: _____________________________ агроқұраманың басшысы _____________________________ өтінім берілген күнi
өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 2-қосымша
"БЕКІТЕМІН" Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) __________________________ "____"_____________ 2006 ж.
Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімi
___________________________________ ______________2006 ж. (су берушінің атауы) (ай)
кестенің жалғасы
Су берушi________________________ Келісілген:
|