Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
Осы редакция 2007 ж. 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 982 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірі 21-27-жол алынып тасталсын; «Алматы қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 86, 100, 104 және 123-23-жолдар алынып тасталсын. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 160-12-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген бөлімде: реттік нөмірлері 271 және 272-жолдар алынып тасталсын. 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат): 3-тармақтағы «осы деген сөз «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірлері 1, 2, 7, 9, 10-жолдар алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 122-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесінде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Салалық (секторалдық) бағдарламаны ұлттық холдингпен, акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялармен және экономиканың тиісті салаларында (секторларында) жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, тиісті орталық атқарушы органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.». 5. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын: «4. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы». 6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
|