Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2007 ж. 8 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 15, 166-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 194-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысымен бекітілген Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін айқындайды. 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республиканың орта мерзiмдi жоспары), жергілiкті өкілдi орган бекiтетiн Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспары), жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тиiсті әкімшілiк-аумақтық бiрліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттердi атқарудың нәтижелері, жергілікті бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалаулар алдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеудің негізі болып табылады. 2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды: 1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткіштерiн айқындау; 2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн айқындау; 3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерді жасауы; 4) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау; 5) мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзiрлеу. 2-бөлiм. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобаларын әзiрлеу 2-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы (бұдан әрi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган) үш жылдық кезеңге айқындалған республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттерден алынатын бюджеттік алып қоюлардың көлемдерiн және облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден арасында кiрiстердi бөлу нормативтерiн ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссияларының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi. 4. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті түсiмдерінің ұсынылған болжамды көрсеткіштерiн қарайды және мақұлдайды. 3-тарау. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн айқындау 5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басымды бағыттары, терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектегi мөлшерi, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті тапшылығының жол берiлетін шектегi мөлшерi және республиканың орта мерзiмдi жоспарында, Өңiрдің орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге бекітілген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткiштерi негiзiнде қалыптастырады. 6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi орган бюджет комиссиясының қарауына: облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн (бұдан әрi - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимитi); облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн (бұдан әрi - бюджеттік даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимитi) енгiзедi. 7. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн есептеу кезiнде: 1) үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетін бюджеттік субвенциялардың көлемi мен республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың көлемдерiн қоса алғанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемi; 2) бекітілген заттай нормалар; 3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi; 4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнінде Орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар; 5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттігі; 6) өзге де қажеттi жағдайлар ескерiледi. 8. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерi облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкiмшісi (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi) үшiн айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөлiп көрсетуге болады. 9. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң көлемi облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының жалпы болжамды көлемi мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиттерiнің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi. 10. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн қарайды және мақұлдайды. 11. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті орган 3 жұмыс күнi iшінде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына жеткізеді. 12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелерi негiзiнде және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік даму бағдарламаларына арналған бюджет шығыстарының лимиттерi шегiнде: 1) ағымдағы жылы мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінiсiнде iске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ескеріле отыра, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн; 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы жылдың 15 шілдесiне дейiн бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 13. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 12-тармағында көрсетілген тiзбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетiгiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн айқындайды. 14. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар тiзбесiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi орган үш күн ішiнде бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерiне жеткізеді. 15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегi орталық уәкiлетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттік органға республикалық бюджеттен берiлетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің болжамды көлемдерi мен мақсатын жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күш iшiнде жеткізеді. 16. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органға республикалық бюджеттен бөлiнетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім бередi. 4-тарау. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы 17. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен: бiрыңғай бюджеттік сыныптама; ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиттерi; өткен қаржы жылында бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiм; республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары мен орта мерзiмдi фискалдық саясаты; басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде жасалады. 18. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдердi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган белгілеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктiрмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады. 19. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттердi және бюджеттік кредиттердi қаржыландыруды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлiнісiнде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негiзделген есептеулердi ұсынады. 5-тарау. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау 20. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкiлетті орган: 1) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерінің осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындаған тәртiппен ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігіне бағалау жүргiзедi; 3) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттік өтiнiмдерi бойынша қорытынды дайындайды; 4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерi жөнiнде ұсыныс дайындайды. 21. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерi жөніндегі қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлетті орган айқындайды. 22. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттік өтiнiмдерi және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның олар жөніндегі қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң көлемдерi жөніндегі ұсынысы ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi. 23. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттік өтiнiмдерi мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органның олар жөніндегі қорытындысы бюджет комиссиясының қарауына екi кезеңде енгiзiлуi мүмкiн. Бiріншi кезеңде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар енгiзiледi. Бұл ретте бюджет комиссиясы жаңа әрi қосымша бюджет қаражатын талап ететiн, жеке қаралатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың барлық әкiмшілерi бойынша тұтастай қарайды. Екiншi кезеңде бюджеттік даму бағдарламалары енгiзiледi. Бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдердi тақырыптық блоктар бойынша қарау тәртібін белгiлей алады. 24. Бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерiн қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды. 25. Бюджет комиссиясы енгізiлген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерiн, бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң көлемдерi жөніндегі ұсынысты қарайды және ағымдағы жылдың 5 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешім қабылдайды. 26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi арасындағы келiспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды. 27. Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары жөнiнде түпкiлiкті шешім қабылдағаннан кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерi қосымша өтiнiмдер бере алмайды. 28. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына жеткізеді. 29. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi үш күндiк мерзiмде облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын және шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешiмдеріне сәйкес келтiредi және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкілетті органға ұсынады. 6-тарау. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу 30. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасын қарау және оның түпкілiктi нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiкпей аяқталады. 31. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілеті орган алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасы негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 1 қазанынан кеш емес мерзiмде оны облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органының қарауына ұсынады. 32. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органы ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктірмей мәслихатқа енгiзедi. 3-бөлім. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң жобасын әзірлеу 7-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау 33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кiрiстердi бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi. 34. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды. 8-тарау. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерiн айқындау 35. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, терiс операциялық сальдоның жол берілетін шектегi мөлшерi, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының жол берілетiн шектегі мөлшерi және Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштерi негізiнде қалыптастырады. 36. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 37. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезiнде: 1) облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың бекiткен көлемдерiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс; 2) бекітілген заттай нормалар; 3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi; 4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнiнде орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар; 5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттiгі; 6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледi. 38. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (бұдан әpi - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөліп көрсетуге болады. 39. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалар үшін шығыстардың лимиттерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен әкiмдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi шығыстарына жалпы болжамды көлемi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретінде есептеледi. 40. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 тамызына дейiнгi мерзiмде ауданның ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн қарайды және мақұлдайды. 41. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы үш жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерiне және әкiмдердiң аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органына жеткізеді. 42. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерi негiзінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерi шегінде: 1) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде iске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн; 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөнiндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 43. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 42-тармағында көрсетiлген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетігiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды. 44. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар тiзбесiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергілікті уәкілеттi органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттарына жеткізедi. 45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң болжамды көлемдерi мен мақсатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдердiң аппараттары бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күнi ішінде жеткізеді. 46. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстық бюджеттен бөлiнетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім бередi. |