Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық (2006.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы ?кіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 2) осы қаулымен бекітілген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 7, 87-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 465-құжат). 5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және: 1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің; 2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің; 3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің; 4) шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. 3. Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады. Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады. 2. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткізу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс. 5. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi. 6. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi. Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi. 7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. № 595 қаулысына сәйкес 8-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.07.09. № 854 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн: 1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi; 2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға iшкi iстер органдарының рұқсаты; 3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері. 4) өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі өкілетті органның өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтініші негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756; 2006.01.08. № 725 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді 9. Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында рұқсат берудің белгіленген тәртібі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады. Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi. 10. Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды. 11. Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген негіздер бойынша шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 11-1-тармақ өзгерді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi. Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс. Көшi-қон карточкалары: Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға; әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне; поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темір жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына; халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi. Көшi-қон карточкасын беру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген органдар айқындайды. 3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтарды тiркеу 12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтардың өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi. Шетелдiк азамат төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер органына хабарлауы қажет. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды 13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдiк азаматтарды тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. 14. Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтардың төлқұжаттарын тiркеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі айқындайды. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15. Тiркеу шетелдiк азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi. Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу тоқсан тәулiктен аспайтын мерзiмге жүргiзiледi және кейiннен дәл осындай мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдiк азаматтарды тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi. Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдiк азаматтарды тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін. 16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен оның өкiлдiктерiнде: 1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын болса, шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшылары қонақтарының; 2) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк төлқұжаты бар шетелдiк мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінің; 3) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерiнiң халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң; 4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі тиiстi визалар беретiн шетелдiк ұйымдар-инвесторлар басшыларының немесе өзге де басшы қызметкерлерiнiң; 5) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шақыруы бойынша келген адамдардың төлқұжаттары тiркеледi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдiк азаматтардың паспорттары тiркеледi. Iшкi iстер органдарымен келісім бойынша шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады. ҚР Yкіметінiң 17.07.03 ж. № 702 қаулысымен 3-1-бөлiммен толықтырылды 3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеу. 17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi. 17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдiк азаматтар төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды: 1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi; 2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын; 5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады. Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді. 17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді. 4. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру 18. Iшкi iстер органдары берген рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады. 19. Өзге заңдық негiздемедегi шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасына уақытша келген болып саналады. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар өздерiн тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасай алады. 20. Шетелдiк азаматтарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi айқындайды. 21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi болып табылады. 22. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi, осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен, уәкiлеттi органдарға бередi. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған қолда бар құжаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы немесе жаңасын беру туралы өтiнiштi өздерiнiң тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына, оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - үш тәулiктен кешiктiрмей бередi. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 23-тармақ толықтырылды 23. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша мыналарға бас тартылуы мүмкiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) . Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн. 24. Шетелдiк азаматтар өз төлқұжаттарының қолданылу мерзiмi аяқталған күнiнен бастап 6 айдың iшiнде жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, егер оның иесi iшкi iстер органдарына жарамды төлқұжатын көрсетсе, ықтиярхатқа ауыстырылады. 25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар, заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртіппен, тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тiркеуге жатады. 5. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен транзиттiк өтуi және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы 26. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың болуы үшiн ашық аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұра және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұратын жердi таңдай алады. Жүрiп-тұру мен тұратын жердi таңдаудағы шектеулер, ол: мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен өнегесiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi. 27. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасы бойынша жүрiп-тұруының, сондай-ақ олардың шетелдiк азаматтар үшiн жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) баруының тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Iшкi iстер министрлігі айқындайды. 28. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi үшiн Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы ресiмделедi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 881 қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кіру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi. 30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттерге олардың азаматтығының визасыз келу туралы келісім бар елдерге транзитпен өтетiн шетелдiктерде Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы болуы мiндеттi. 31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша ғана жүредi. 32. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiнiң тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі айқындайды. 6. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылық. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуы мерзiмiн қысқарту және кетiру 33. Осы Тәртiптiң нормаларын бұзу заңдармен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 34. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi. 35. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қабылдайды. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi. Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдiк азаматтар не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады. 37. Шетелдік азаматтар заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы. 38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдiк азаматтардың осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi. 39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келісімнiң ережесi қолданылады. |