|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарына қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |