|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 516 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 28-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесіне: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану).»; 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары - барлық жағдайда;»; 3) тармақшада «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада «жер асты суларын» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезінде.»; 1) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын ағызу» деген сөздер «арнайы су пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «су ағызуды» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын» деген сөздердің алдынан «су жіберу және (немесе)» деген сөздермен, «тұлғаларға» деген сөзден кейін «жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақтың 4) тармақшасында «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы ережеге қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»; 3) тармақша алынып тасталсын; 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін; 6) осы ереженің 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.»; 7) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын: «9-1. Су жинап алуға арналған су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіліктері туралы мәліметтер; 2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер. 9-2. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер; 2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер; 3) балық қорғау және балық өткізу құрылыстары туралы мәліметтер; 4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер; 5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштері туралы деректер. 9-3. Су жинап алусыз жер үсті су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) кеменің техникалық сипаттамалары; 2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты; 3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етілу туралы деректер; 4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.»; Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын. 2. «Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 44-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 812 қаулысына қосымша
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесіне қосымша
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініштер көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) су пайдаланудың түрі (осы Ереженің 2-тармағына сәйкес); 2) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (сарқынды суларды ағызу, жер асты суы көзінің) орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схема; 3) су пайдалану мақсаты; 4) су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары; 5) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (ағызылатын сарқынды сулардың, жинап алынатын жер асты суларының) болжанып отырған көлемі (мың м3/ жыл, м 3/тәулік, л/с); 6) өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары; 7) су пайдалануды бастау мен аяқтаудың болжанып отырған мерзімдері; 8) су тұтыну мен су жіберудің теңгерімдік схемасы мен есептемелері; 9) су пайдалануға жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс телефоны; 10) су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары); 11) өтініш берушінің техникалық және технологиялық іс-шараларды, қайта өңдеуді және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жер үсті және жер асты суларын сарқылу мен ластанудан қорғауға, сарқынды суларды қабылдағышқа, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниеті; 12) өтініш берушінің кен орнынан (оның учаскесінің) жер асты суларын жинап алу кезіндегі су пайдалану шарттары туралы ниеті; 13) арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын жинап алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі); 14) жер үсті және жер асты суларын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдерінің болжанып отырған есебі; 15) суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқауларды және зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтарының сипаттамалары; 16) суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |