Республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде
Осы редакция 2007 жылғы 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы 34-бабының 3-тармағын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттік меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Мемлекеттік органдар, оның iшiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелiк етуi және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы кезiнде: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiң қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мынадай: қоғам жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; қоғамды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату; жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту; есептi қаржы жылында қоғамның таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі; қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру жолымен қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау; қоғамның меншiктi капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мiндеттемелерiн ұлғайту туралы шешiм қабылдау; оларды жасасуда қоғам мүддесi бар iрi мәмiлелердi және мәмiлелердi жасасу туралы шешiмдердi қоғамның бекітуi; директорлар кеңесiнiң сандық құрамын, өкiлеттiгi мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттарын айқындау; "алтын акцияны" енгізу және оның күшiн жою мәселелерi бойынша күн тәртібінiң мазмұны мен шешiмдердiң жобаларын алдын ала жазбаша түрде келiссiн; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, атқарушы орган басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау және өкілеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн; 3) акциялардың кемiнде 50 пайызына мемлекет ие акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесi құрамына Комитет өкiлдерiн енгізудi қамтамасыз етсiн; 4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесi құрамына Комитет өкiлдерiн енгізу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын; 5) мемлекеттiң үлестiк қатысуымен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге (бұдан әрi - серiктестiк) қатысушылардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мынадай: жарғыға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту; серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату; жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту; жылдық қаржы есептілiгiн бекіту және таза кiрiстi бөлу; серiктестiктiң өзге де заңды тұлғаларда қатысуы туралы шешiм; серiктестiктiң бүкіл мүлкiнiң кепілi туралы шешім; серiктестiктiң атқарушы органын құру, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк мүлкiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөніндегі мәмілелер туралы шешiм қабылдау; байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiнi) сайлау және өкілеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; қатысушыдан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдау мәселелерi жөніндегі күн тәртібінiң мазмұны мен шешiмдердiң жобаларын Комитетпен алдын ала жазбаша келiссiн; 6) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне мемлекеттік органдардың ақпарат беруiнiң кестесi ┌───┬─────────────────────────────────┬────────────────────────────────┐ │р/с│ Ақпарат │ Беру мерзiмдерi │ │ N │ │ │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │ 1 │ 2 │ 3 │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │1. │Акционерлік қоғамдардың │ жыл сайын, жиналыс өткiзiл- │ │ │(жауапкершiлiгi шектеулi │ геннен кейiн 10 күннiң │ │ │серiктестiктердiң) акционерлерi │ iшiнде, сырттай дауыс беру │ │ │(қатысушылары) жалпы │ жолымен шешiм қабылданған │ │ │жиналыстарының шешiмдерi │ жағдайда - 15 күн iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │2. │Iшкi аудит қызметiнiң (тексеру │ жыл сайын, тиiстi тексеру │ │ │комиссиясының) қорытындылары │ өткiзiлгеннен кейiн 5 күннiң │ │ │ │ iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │3. │Аудит жүргiзудiң нәтижелерi │ жыл сайын, аудит жүргiзiлген- │ │ │ │ нен кейiн 5 күннiң iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │4. │Акционерлік қоғамдардың │ өткiзiлуiне орай, жиналыс │ │ │(жауапкершiлiгi шектеулi │ өткiзiлгеннен кейiн 10 │ │ │серiктестiктердiң) акционерлерi │ күннiң iшiнде; сырттай дауыс │ │ │(қатысушылары) кезектен тыс │ беру жолымен шешiм қабылдан- │ │ │жалпы жиналыстарының шешiмдерi │ ған жағдайда - 15 күн iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │5. │Директорлар кеңесi отырысының │ өткiзiлуiне орай, отырыстан │ │ │шешiмi │ кейiн 7 күннiң iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │6. │Соттың шешiмi (айқындамасы) │ соттың шешiмiн (айқындамасын) │ │ │(олар болған жағдайда) │ алғаннан кейiн 3 күннiң │ │ │ │ iшiнде │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │7. │Акциялардың мемлекеттік │ тоқсан сайын, келесi айдың │ │ │пакеттерiне (мемлекеттiң қатысу │ 5 күнiне дейiн │ │ │үлесiне) дивидендтердi аудару │ │ │ │туралы мәлiмет │ │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │8. │Акционерлік қоғамдар жасайтын │ шарттарға қол қойылғаннан │ │ │iрi мәмiлелердiң барлық түрлерi │ кейiн 5 күннiң iшiнде │ │ │бойынша шарттардың көшiрмелерi │ │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │9. │Ұлттық компаниялар мен қағаз │ Жартыжылдық аяқталғаннан │ │ │және электрондық таратқыштардағы │ кейiн 35 күннiң iшiнде, жыл │ │ ├Қазақстан Республикасы Қаржы │ аяқталғаннан кейiн 90 күннiң │ │ │министрінің 2003 жылғы 2 │ iшiнде │ │ │сәуірдегі № 135 бұйрығымен │ │ │ │бекітілген нысандар бойынша │ │ │ ├Қазақстан Республикасының │ │ │ │Ұлттық Банкiне ведомстволық │ │ │ │бағынысты акционерлік қоғамдар- │ │ │ │ды қоспағанда, акционерлік │ │ │ │қоғамдардың (жауапкершiлiгi │ │ │ │шектеулi серiктестiктердiң) │ │ │ │қаржылық ақпараты │ │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │10.│Ұлттық компаниялар және Қазақстан│ бекітілген күннен бастап 5 │ │ │Республикасы Қаржы министрінің │ жұмыс күнi iшiнде │ │ │2003 жылғы 23 қазандағы № 376 │ │ │ │бұйрығымен бекітілген нысандар │ │ │ │бойынша Қазақстан Республикасының│ │ │ │Ұлттық Банкiне ведомстволық │ │ │ │бағынысты акционерлік қоғамдарды │ │ │ │қоспағанда, акционерлік қоғамдар-│ │ │ │дың (жауапкершiлiгi шектеулi │ │ │ │серiктестiктердiң) қаржы-шаруашы-│ │ │ │лық қызметi жоспарларының │ │ │ │көшiрмелері │ │ ├───┼─────────────────────────────────┼────────────────────────────────┤ │11.│Акциялардың мемлекеттік пакетiне │ жоспарланатынның алдындағы │ │ │дивидендтер мөлшерiнiң болжамды │ жылдың 1 сәуiрiне дейiн │ │ │көрсеткiштері │ │ └───┴─────────────────────────────────┴────────────────────────────────┘ Үкіметінiң 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. «Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 285-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 908 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 ақпандағы № 177 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 және 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1405 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 47, 480-құжат).
|