Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтiк құқықтық
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу ережесi; 2) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесi; 3) Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесi; 4) Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тiркеу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзiрленген. Ереже Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу және олардың Мемлекеттік тiзiлімiн (бұдан әрi - Тiзілiм) жүргізу, әуе кемесiнің Тiзілiмге енгізiлгенiн куәландыратын құжат болып табылатын азаматтық әуе кемелерi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) беру тәртібін анықтайды. Куәлiк кеме құжаты болып табылады. Ереже аса жеңіл авиацияның әуе кемелерiне де қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының барлық азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер мемлекеттік тiркеуге жатады. Сондай-ақ мәмiлелер мен өзге де заңи фактiлердiң нәтижесiнде азаматтық әуе кемелерiне арналған құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгеруi және тоқтатылуы тiркеуге жатады. 3. Осы Ережеге сәйкес уәкілеттi орынға берiлетiн барлық құжаттар азаматтық әуе кемесiн пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде сақталуға жатады. 4. Азаматтық әуе кемелерiн тiркеу, Куәлiктердi ауыстыру, Куәлiктердiң телнұсқаларын беру жөніндегі, азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен алып тастау туралы Куәліктердi беру жөніндегі құжаттар азаматтық әуе кемесiн есептен шығарған соң бiр жыл өткенге дейiн сақталады. Есептен шығарғаннан кейiн бiр жыл өткен соң құжаттар белгіленген тәртiппен жойылады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттік тiркеу тәртібі 5. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу уәкілетті орган немесе басқа мемлекеттің тиiсті органы берген және Қазақстан Республикасында жарамдыдеп танылған, азаматтық әуе кемесiнiң Ұшу жарамдылығының сертификаты, Үлгi сертификаты болғанда ғана жүзеге асырылады. 6. Азаматтық әуе кемесiнiң меншiк иесi немесе пайдаланушы оны мемлекеттік тiркеу үшін уәкілетті органға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып, өтiнiш бередi. 7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi. 8. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу қажеттi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiлген күннен бастап 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi. 9. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған жағдайда уәкiлеттi орган қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге құжаттарды қайтарады. 10. Уәкiлеттi органның анықтаған кемшiлiктерiн жойған кезде өтiнiш берушi азаматтық әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу үшiн уәкілеттi органға қайтадан өтiнiш бере алады. Бұл ретте мемлекеттік тiркеу үшін алым төлеу талап етілмейді. 11. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады. 12. Тiзiлімді жүргiзудi уәкiл орган жүзеге асырады. 13. Шетелдік азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтер Тiзiлiмге оларды шетел мемлекетi әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығарғаннан кейiн ғана енгiзiледi. 14. Егер азаматтық әуе кемесi екiншi шолу радиолокаторының S режимiне ие болса, онда оған тiркеу кезiнде әуе кемесiнiң 24-биттік адресi берiледi. 15. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде де, сол сияқты одан тысқары жерде де ұшуға жiберіледi. 16. Азаматтық әуе кемесi Тізілімнен мынадай жағдайларда шығарылады: 1) азаматтық әуе кемесi пайдалану есебiнен шығарылса немесе алынса, азаматтық әуe кемесi бұзылса және оны қалпына келтіру мүмкiн болмаса немесе із-түзсіз жоғалса, егер оны iздестiру тоқтатылса; 2) азаматтық әуе кемесi белгiленген тәртiппен шетелдік мемлекетке, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаға сатылса немесе берiлсе; 3) азаматтық әуе кемесi мемлекеттік немесе эксперименталдық санатқа ауыстырылса; 4) әуе кемелерін тiркеу рәсiмдерiнде көзделген басқа да жағдайларда. 17. Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн меншiк иесi немесе иеленушi уәкілеттi орынға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып өтініш бередi. Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн ұсынылатын құжаттардың тізбесін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 18. Тiзiлiмнен шығарылған азаматтық әуе кемесiнің куәлігі, сондай-ақ Тiзiлімде осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалар күшiн жояды және Тiзiлiмнен шығарылған сәттен бастап он күндiк мерзімде уәкілетті органға қайтаруға жатады. 19. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде уәкілеттi орган азаматтық әуе кемесін Тізілімге енгiзедi және Куәлiк (қосымша) бередi және тағайындауына байланысты азаматтық әуе кемесiне мына атаулардың бiрi беріледi: 1) жолаушылар; 2) көліктік; 3) айырбасталымды; 4) жүк-жолаушылар; 5) арнайы қолдану; 6) санитарлық; 7) жаттығу. 20. Куәлік ұшулар кезiнде азаматтық әуе кемесiнiң бортында болуы тиiс. Борттық құжаттарды көшірмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді. 21. Куәліктің "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгiлер" бөлiмiне мынадай жағдайларда тиiстi өзгерістер енгiзiледi: 1) егер Тiзiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiне берiлген меншік құқығы немесе өзге құқық, сондай-ақ осы құқыққа түсетін ауыртпалықтар басқа заңды немесе жеке тұлғаға ауысатын болса; 2) азаматтық әуе кемесiнiң пайдаланушысы өзгерген болса. 22. Куәлiкке өзгерістер енгізу үшiн уәкілеттi органға тиiстi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiледi. Куәлiкке өзгерістер енгізу үшін тиiстi құжаттардың тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi. 23. Куәлiкке өзгерістер енгізу туралы өтiнiштi қарау мерзiмi 10 жұмыс күнiн құрайды. 24. Куәлiкке өзгерістер енгізу алым өндiрiп алмай жүзеге асырылады. 25. Азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтағаннан кейiн қызметi өзгерген кезде оған жаңа Куәлiк берiледi. Пайдаланушы Куәлікті ауыстыру үшiн уәкілеттi органға азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжаттар ұсынады. 1) абайсыз бүлдiрiп алған; 2) жоғалтқан; 3) ұрлатқан жағдайларда Куәлiктiң көшiрмесi берiледi. 27. Куәлiктi абайсыз бүлдiрген жағдайда, ол ауыстыруға жатады. 28. Куәлiктi жоғалтып алған немесе оны ұрлатып алған кезде, азаматтық әуе кемесiн пайдалану телнұсқасын алғанға дейiн дереу тоқтатылады. Телнұсқа алу үшiн өтiнiшке жоғалу немесе ұрлану фактiлерiн растайтын құжаттар қоса берiлуi қажет. Уәкілеттi орган өтiнiш түскен күннен бастап 7 күн ішінде Куәлiктiң телнұсқасын берудi жүргiзедi. Куәліктің телнұсқасын бергенi үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттік тiркегені үшiн алым алынады. 29. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiнің меншiк иесi немесе пайдаланушысы уәкiлеттi органға азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығы мен басқа да құқықтардың, сондай-ақ сол құқықтарға ауыртпалықтардың, жалдау шарттарының барлық өзгерістерi, төтенше жағдайлар, азаматтық әуе кемесiнiң жоғалуы, сынуы туралы хабарлайды. 30. Куәлiкке өзгерту енгізудi немесе оны ауыстыруды талап ететiн барлық жағдайларда, сондай-ақ Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатылған кезде, Куәлiк өзінің күшiн жояды және инспекторлық ұйғарымды берген кезден бастап он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға қайтаруға жатады. 31. "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгілер" бөлiмi толық толтырылған Куәлiк кезектi ауыстыру кезiнде әуе кемесiнiң iс қағазында өзге тiркеу құжаттарымен бiрге сақтауға қалдырылады. Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелердi мемлекеттік тiркеу ережесiне қосымша ЕЛТАҢБА ____________________________________________________________ Уәкiлеттi орган АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСIН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛIК N_____
5. Пайдаланушы ________________________ 6. Осымен осы азаматтық әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне тиiстi түрде енгiзiлгендiгi куәландырылады. 7. Осы Куәлiк тiркеу мақсаты үшiн берiлген және азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығын куәландыратын құжат болып табылады. М.О. Уәкiлеттi органның басшысы _______ _______ (қолы) (Т.А.Ә.) Берілген күнi 200____ жылғы "_____"________ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН ТАБЫСТАУ ЖӨНІНДЕГІ БЕЛГІЛЕР Меншік иесі _________________________________________ Пайдаланушы _________________________________________ Негіздеме ___________________________________________ М.О. Уәкілетті органның басшысы ____________________ (қолы, Т.А.Ә.) Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________ _____________________________________________________ Меншік иесі _________________________________________ Пайдаланушы _________________________________________ Негіздеме ___________________________________________ М.О. Уәкілетті органның басшысы ____________________ (қолы, Т.А.Ә.) Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________ _____________________________________________________ Меншік иесі _________________________________________ Пайдаланушы _________________________________________ Негіздеме ___________________________________________ М.О. Уәкілетті органның басшысы ____________________ (қолы, Т.А.Ә.) Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________ _____________________________________________________ |