|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 417-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында: «Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 5.1-кіші бөлімде: сегізінші және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын; «8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде: «Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 1-кіші бөлімде: реттік нөмірі 5 және 6-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен»бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |