|
|
|
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің (2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары және өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндетi 5. Бағдарламаны іске асыру бағыттары мен тетігi 5.1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру 5.2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау 5.4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту 5.5. Бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және кезеңдік талдау жүргізу 5.7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау 5.8. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру 5.9. Бағдарлама ic-шараларының орындалуына қоғамдық қолдауды қалыптастыру 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Осы «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді. Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы - индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері: қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру; жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер бөлігін өсіру; мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік: а) адамдардың тиімді ақпараттық өзара іс-қимылы; б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі; в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады. Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсіз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуі үшін бүкіл әлемдік жарыста жеңілгенін білдіреді. Нақтылығы бүкіл әлемде ақпараттық кеңістікті шектеуді құра отырып, өндірісті, білімді және адамдардың өмірін түбірімен өзгертеді. Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тең емес мүмкіндігін білдіретін "ақпараттық теңсіздікті" жою туралы, оның ішінде: азаматтардың компьютерлік және басқа цифрлық, коммуникациялық техниканы тең емес иелену; азаматтардың Интернет ресурстарына тең емес қол жеткізу; компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын азаматтардың тең емес иелену мәселелері тұр. Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми-білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды. Осы Бағдарлама ақпаратты-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңірек пайдалану және ақпараттық теңсіздікті жеңу бойынша Қазақстан Республикасында жағдайларды жасауға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік органдардың бағдарламаларын салалық және жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламаларын ескере отырып іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - жоспар) орындау жолымен орындалатын болады. Бағдарламаның жұмыстарын үйлестіру және іске асырылуын бақылау ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 3 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
«Ақпараттық теңсіздіктің» проблемасы жаhандық және адам табысының тәуелділік феноменіне, оның компьютерлік және телекоммуникациялық революцияға қатынасы, сондай-ақ, жекелеген мемлекет пен қоғамның даму деңгейімен тығыз байланысты болып табылады. Проблеманың мәні әлеуметтік және экономикалық мақсаттардың жетістіктері үшін ұсынылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндігіне теңсіз қол жеткізуден тұрады. Бұл адамзат әлеуетінің жеткіліксіз деңгейімен де, адамдарда қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдардың, сондай-ақ коммуникацияларға қол жеткізуінің болмауымен де байланысты. Жыл сайын британдық «Экономист» (2006 ж.) журналының талдау бөлімі өткізетін Бүкілдүниежүзілік Банк деректері бойынша (2006 ж.), Қазақстан соңғы «2005 жылғы e-дайындық рейтингіде» 68 елдің ішінде 64 орынды алды, ал Ресей мен Украина тиісінше 52 және 61-орынды иеленді. Осы рейтинг Интернет желісіне қосу, бизнес орта, құқықтық, саяси, әлеуметтік және мәдени орта, электрондық қызметтерді қолдау мүмкіндігі сияқты осындай санаттарды қоса алғанда, 100-гe жуық сандық және сапалық өлшемдерден тұратын орташа өлшенген индекс арқылы елдің электрондық бизнес ортасын өлшейді. Одан басқа, Қазақстан жағдайды жақсартуда тұрақты прогресті көрсететінін атап өту қажет. Бұл туралы БҰҰ жүргізілген 2005 жылғы электрондық үкіметке жаhандық дайындық туралы есебінің деректерінде айтылған. Электрондық үкіметке елдің және оның қоғамының дайындық деңгейін бағалайтын бүкіл дүниежүзілік 179 елдердің рейтингінде Қазақстан 65 орынды алады, оған қоса веб-өлшемдердің индексі*, телекоминфрақұрылымы** және адамзаттық капитал***. 2005 жылы Қазақстанның рейтингі 2004 жылмен салыстырғанда 4 позицияға жақсарды, 2003 жылға қарағанда 14 тармаққа жоғары. Еуропа сегіздігіндегі елдер 19 және 40-орындар арасындағы кластерде орын алады, ал жетекші бес ел - Құрама Штаттар, Дания, Швеция, Ұлыбритания және Корея Республикасы - бірнеше жыл қатарынан дәйекті түрде жоғарғы балл алып жүрді. Еуропа сегіздігі елдерінен және басқа да жетекші елдерден Қазақстанның артта қалуының негізгі себебі телекоммуникациялар бойынша оның нашар баллдық бағасымен қорытындылады. Деректер көрсеткендей елде телефондық желілердің бар болуы абсолюттік білдірімде барынша төмен. Елдің 1000 тұрғынына телефондық желілердің тиімді тығыздылығы 17,91 құрайды, ол ортадан төмен табыспен елдің орта деңгейінен төмен. Алайда бірқатар жағымды үрдістер бар. 1999 және 2004 жылдар кезеңінде, жылдық өсімнің жиынтық қарқыны кезінде (ЖӨЖҚ) 8,5%-ға ұлғайды. 100 тұрғынға магистральдық телефондық желілердің саны көбейді. ЖӨЖҚ ескерулі, мобильдік желілік абоненттер сол кезеңге 123,5% өсті. Бұған 2005 жылға Интернетті пайдалану туралы Халықаралық телекоммуникациялар жөніндегі одақтың деректеріне сәйкес, Қазақстанда - 400 000 Интернетті пайдаланушылар немесе жалпы халықтың санынан 2,7% төменгі табыс деңгейіндегі ел үшін орташадан сәл ғана көп. Салыстырма үшін Оңтүстік Кореяда, Сингапурда, Жапонияда Интернетті пайдаланушылар пайыздық ара қатынасы 67% құрайды, Ұлыбританияда - 63%, Данияда - 70%, АҚШ және Канадада - 68%, Ресейде - 16,5% және Эстонияда - 50%. Интернет-хостар саны Қазақстанның 10 000 тұрғынына тек қана 14,69 құрайды, олай болса Ресейде - 59,24, ал Украинада 27,03. Сонымен қатар статистика Интернетті пайдаланушылар тұрақты өсім санын көрсетеді, 2000-2005 жылдардағы Қазақстанның 471,5% құрады, Ресейде ондай көрсеткіш 664,5% құрады, Эстонияда - 82,8%, Канадада - 67,8%, Ұлыбританияда - 145,5%. Барлық жоғарыда көрсетілген елдер ендігі ақпараттық теңсіздікті жеңу бойынша мемлекеттік, аймақтық және жаhандық бағдарламаларды жүргізді және жүргізуін жалғастыруда, тұтастай мынадай іс-шаралар топтарына табыстырады: телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту; қол жетімді көпарналы инфрақұрылымды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне қоғамдық қол жеткізуді жақсарту; жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа әмбебап қызмет көрсету орталығына акцент; «электрондық үкіметке» халықтың сұранысын арттыру; тұтас топтармен стратегиялық коммуникациялардың білгірлігін жоғарлату; халықты электрондық сауаттылыққа оқыту. Сонымен, мысалға жалпыеуропалық «Барлығы үшін ақпараттық қоғам» іс-қимылының жоспары Интернет арқылы жұмыс жасау үшін мүмкіншілік және тренингтік қызметтерді беруімен Интернетке және телеорталыққа қоғамдық қол жеткізу орталықтарын ендіру, орталықтандырылмаған сертификаттау рәсімдерімен ақпараттық технологиялар (бұдан әрі - AT) саласында жалпыеуропалық стандарттың дағдысын енгізу, оқытушыларды оқыту, мультимедиялық оқу материалдарын әзірлеу, электрондық оқу және тренинг сияқты, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық секторын күшейту және жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары осындай бағыттарды қосты. Қазақстанның ағымдағы жағдайын талдау және ақпараттық теңсіздікті жеңу саласында әлемдік тәжірибені үйрену, шараларды жүргізудің өткір қажеттілігін көрсетеді, мыналарға бағытталған: қысым жасалған топтарға ерекше назармен компьютерлік сауаттылықты жоғарлату және әлеуеттерін күшейту (оның ішінде тұрмысы төмендерге, жетімдерге және жұмыссыздарға); жаңа бәсекеге қабілетті деңгейдегі ұлттық АТ-мамандарын дамыту; интернет желісіне қол жеткізу бағасын төмендету, сондай-ақ ұсынылатын АКТ қызметтерінің әртүрлігін және сапасын жақсарту мақсатында телекоммуникациялар нарығында бәсекелестікті нығайту; білім беру қызметтерін көрсету және Интернет желісіне жұртшылықтың қол жеткізу инфрақұрылымын кеңейту, жеке пайдалану үшін аса қол жетімді компьютерлерді қамтамасыз ету; ақпараттық теңсіздікті төмендету үдерісіне халықтың қалың тобын тарту және жұртшылық тарапынан бағдарламаны қолдауды қамтамасыз ету мақсатында және Бағдарламаның іске асырылу барысын жан-жақты жария ету. Қорытындысында осы шаралар Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығын арттыруға әкелуге тиіс, Интернет желісін пайдаланушылардың санын әртүрлі мақсаттарда (жеке өзін дамыту, жұмыс үшін және күнделікті өмірде) 20%-ға дейін арттыру. _______________________________________ * Веб-өлшем - ресми интернет-ресурста және/немесе салалық сайттарда арнайы электрондық құралдардың/қызметтердің бар болу/жоқ болмау өлшемі мысалға, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша. ** Телеком-инфрақұрылым индексі - орташа өлшенген индекс, 1000 тұрғынға ДК саны, Интернетті пайдаланушылар, телефондық желілері, мобилдік телефондар мен телевизорлар сияқты, сондай-ақ, осындай санаттар бойынша он-лайн режимінде жұмыс жасайтын халықтың саны. *** Адамзат капиталының индексі БҰҰДБ-ның «білім беру индексіне» иек артады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндетi
Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанда халықтың компьютерлік сауаттылығының және Интернет желісін пайдаланушылардың деңгейін 20 %-ға жеткізу болып табылады. Бағдарламаның мақсатына жетуі мынадай міндеттерді орындаумен қамтамасыз етіледі: Қазақстан халқының кемінде 20%-ы Интернет желісін күнделікті өмірде тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасау; Қазақстан халқының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңызын арттыру.
5. Бағдарламаны іске асыру бағыттары мен тетігi
Бағдарламаның міндеттерін іске асыру мынадай іс-шаралардың орындалуымен қамтамасыз етіледі: 1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру. 2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау. 3. Қашықтықтан және күндізгі оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету. 4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту. 5. Бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және кезеңдік талдау жүргізу. 6. Интернетке қол жеткізу тарифтерін төмендету және халықтың компьютерлік техниканың құны бойынша қол жетімділігін қамтамасыз ету. 7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау. 8. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру. 9. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бағдарламаның іс-шараларын орындауға қоғамдық қолдауды қалыптастыру. Бағдарламаның орындалуы іс-шаралар жоспарын іске асыру жолымен жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын, ақпараттандыру үдерістерін қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық Комиссия жүзеге асырады. Бағдарламаның іске асырылуы мен бақылауын ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органмен жүзеге асырылатын болады. Бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында бағдарламаның іс-шараларын орындау кезіндегі оқу орталықтарының жобаларын басқару және техникалық сүйемелдеу функциялары ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға жүктелетін болады.
ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1058 Қаулысымен 5-1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 5.1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру
Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді дамыту қазіргі заманғы техникалық құралдарды игеру және ақпаратты-коммуникациялық технологияларға, ақпараттық ресурстарға және оларды пайдалануға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге қол жеткізу әдістері бойынша тең мүмкіндігін Қазақстанның халқы үшін құруға қатысты ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады. Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық нормаларына сәйкес және жүйелілік, объективтік ұстанымдарымен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін құқықтық негіздемелерді қалыптастыру мақсатында мынадай іс-шаралар көзделетін болады: білім беру деңгейін тиісті сертификаттай отырып АКТ бойынша курстарды білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін оқу жоспарына енгізу; мемлекеттік қызметке қабылдау және мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау кезінде компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың болу міндеттілігін енгізу; білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді кезеңдік аттестаттаудан өткізу кезінде компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың болу міндеттілігін енгізу; халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеуді жүргізудің тәртібі туралы ережесін әзірлеу;
5.2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау
Білікті оқытушы кадрларды даярлау халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты мынадай іс-шараларды орындау жоспарлануда: «Компьютерлік сауаттылық» оқу бағдарламасын әзірлеу және бекіту; Оқытушыларды даярлау және компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқыту мен сертификаттау жөніндегі орталығын құру, оны аппаратты-техникалық қамтамасыз ету; Қазақстанның барлық өңірлері үшін (компьютерлік сауаттылықты растайтын, құжатты (сертификат) берумен) АТ-мамандығының 1000 оқытушылары мен 2000 студенттер-практиканттары үшін компьютерлік сауаттылықтың тренингтік курстарын жүргізу.
5.3. Қашықтықтан және күндізгі оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету
Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Осыған байланысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтарды (қашықтықтан және автономды оқыту үшін), сондай-ақ білімін бақылау бойынша тестерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуін қосқанда, халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуін дамытуға көңіл бөлінетін болады.
ҚР Үкіметінің 2008.08.05. № 435 Қаулысымен 5.4. кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту
Осы бағыттың негізгі мақсаты Қазақстанда компьютерлік технологиялар саласындағы халықтың сауаттылық үлесін 20%-ға дейін ұлғайту үшін жағдай жасаудан тұрады. Қойылған мақсат халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту орталықтарының инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ әртүрлі жіктегі халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар есебінен жететін болады: Қазақстанның өңірлерінде орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін оқытуды ұйымдастыру (877491 адам - 0,58 %); Қазақстанның өңірлерінде халықты оқытуды ұйымдастыру (666 135 адам - 4,44%); әскери қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру (62 560 - 0,41 %); балалар үйлерінде 69 компьютерлік сыныптарды құру (6 ДК-ден) (компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, оларды балалар үйлеріне тапсыру, 47 610 адам - 0,3%); мектептерде 9, 10, 11 сынып оқушыларын, кәсіби мектептерді, колледждерді және жоғарғы оқу орындарының студенттерін тестілеуді ұйымдастыру (990 000 - 6,6 %); Қазақстанның өңірлерінде «жазғы компьютерлік мектептерде» халықты оқытуды ұйымдастыру (330 000 адам - 2,2 %); холдингтер, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдардың қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа оқытуды және сертификаттауды (180 000 - 1,2 %) ұйымдастыруды қосқанда. Азаматтардың компьютерлік сауаттылығын анықтайтын өлшемдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген бағдарламаның «Компьютерлік сауаттылық» курсына оқыту және осы курс бойынша табысты жүргізілген тестілеу болып табылады.
5.5. Бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және кезеңдік талдау жүргізу
Бағдарламаны іске асыруды бағалауға бірыңғай әдістерді жүзеге асыру мақсатында халықтың Интернет қызметтеріне қол жеткізу деңгейін және компьютерлік сауаттылығының деңгейін анықтау үшін статистикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу әдістерін әзірлеу және жалпы статистикалық индикаторларды анықтауды қарастыратын мониторингі мен талдауды жүргізудің әдіснамалық базасы әзірленетін болады. Бұл ретте талдау ақпараттарын даярлауды және мәліметтерді жинауды қамтамасыз ететін негізгі іс-шаралар: статистикалық ақпараттарды жинақтау әдістерін әзірлеу және халықтың компьютерлік сауаттылығының индикаторларын анықтау жөніндегі консалтингтік жұмыстарды жүргізу; Интернет-ресурстарды пайдалану бойынша статистикалық ақпаратты жинақтау әдістерін әзірлеу және Интернет желісін пайдаланушылардың санатын анықтау жөніндегі консалтингтік жұмыстарды жүргізу; халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру серпіні мен нәтижелерін талдау, тиісті ақпараттарды жинақтаудың әзірленген әдістерін пайдалана отырып Интернет желісін пайдаланушылардың санаттары мен Интернет-ресурстарын пайдаланудың дәрежесін, халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Қазақстан халқының өмірінде Интернеттің маңызының дәрежелері мен өлшемдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу; халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижелерін талдау және мониторингін жүргізу; оқытылатын компьютерлік сауаттылықтың мониторингін жүргізу; Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу үшін жеке бизнесті тарту тетігін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
5.6. Интернетке қол жеткізуге арналған тарифтерді төмендету және халыққа құны бойынша қол жетімді компьютерлік техниканы қамтамасыз ету
Осы бағыттың негізгі мақсаты Қазақстанның әл-ауқаты деңгейінен және олардың өмір сүру орнына тәуелсіз барлық санаттағы азаматтарын ашық ақпараттық ресурстарға қосу үшін жағдайды қамтамасыз ету. Қойылған мақсат Интернетке азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үдерісінің мониторингін ұйымдастырудың және бар телекоммуникациялық қамтамасыз ету инфрақұрылымның даму есебінен жетістікке жетуге болады. Осыған байланысты: Телефон желілері бойынша Интернетке қол жеткізу үшін төмендету; бөлінген желілер бойынша Интернет желісіне қол жеткізуге тарифтерді төмендету; барлық мектептерді Интернет желісіне тегін қол жеткізу; Интернет - Мегалайн - Хит желісіне лимитсіз кең жолақты қызметіне тарифтерді төмендету; қазақстанда телефондық және оптикалық талшықтық желілерді дамыту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |