«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
Осы редакция 2007 жылғы 24 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 қаулысына қосымша
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
|