|
|
|
Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2009.30.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар: 1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1143 қаулысымен бекітілген
Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ҚКА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі АӨҚОА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |