|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 4-тармақ алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакциясы жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы №1184 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, № 35 көше, № 8 үй. 9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтайшы құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 2) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; 3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу. 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды ұйымдастыру; ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту; Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде байланыс халықаралық одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау; радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау; Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру; Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимылда өз құзыреті шегінде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау; Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу; байланыс және ақпараттандыру саласында «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіру; ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; ақпараттандыру және байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу; телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу; телекоммуникация және почта байланысы қызметі нарығында басым монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітпейтін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеу әдістемелерін әзірлеу және бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің нормативтік техникалық ысырабын бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту; жарғылық капиталында мемлекеттің және олармен аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен штат кестесін келісу; жарғылық капиталында мемлекеттің және олармен аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналы басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісу; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу; электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдайлар жасау; мемлекеттік органдардың веб-сайттарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету; «электрондық үкімет» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-әрекет етуін қамтамасыз ету; электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету; куәландіруші орталықтың Үлгі ережелерін әзірлеу және бекіту; «электрондық үкімет» қалыптастыруда ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесін әзірлеу және бекіту; ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту; ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелер, инвестициялық жобалар және бағдарламалар аудитін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту; байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу; байланыс саласындағы ұлттық ресурстар мен лицензиаттардың тізілімін жүргізу; лицензиялау; радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру; ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісін және телекоммуникацияның бірыңғай желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту; пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін әзірлеу және бекіту; радиобақылау, байланыс қызметтерін ұсынушы лицензиаттардың радиожиілік спектрін пайдалануына және лицензия шарттарын сақтауына тексерулер жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалар, нұсқамалар, тексеруді тағайындау туралы актілер) әзірлеу және бекіту; бөлінетін жиілік жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесін әзірлеу және бекіту; байланыс қызметтерін көрсету ережелерін әзірлеу және бекіту; қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлеу және бекіту; Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін әзірлеу және бекіту; почталық ақы төлеу белгілерінің мемлекеттік топтамасын қалыптастыру; Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беру; почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін әзірлеу және бекіту; почта желілерімен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту; почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту; Ұлттық почта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін олармен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту; франкировальді машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту; радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу; электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау; депозитарий жүргізуді тексеру; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің аясын бақылау; жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын радиобақылау және тексеріс жүргізу; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу; радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларының оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру. 15. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға; 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынысты Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін Агенттік төрағасы жүзеге асырады, және алқалы басқару органы - басқарма. 18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Агенттік төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын Агенттік төрағасының орынбасары болады. 19. Агенттіктің алқалы басқару органы бес адамнан тұратын басқарма болып табылады. Агенттіктің басқармасын Агенттік төрағасы басқарады. Агенттіктің басқармасының құрамына Агенттік төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Агенттіктің басқармасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және қызметінен босатады. 20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді: 1) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қалыптастыру мен дамытуда табиғи монополиялар саласындағы басымдықтарды анықтау; 2) мыналар: телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерді (бағаны, алым ставкаларын) немесе шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысырабын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына, (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаны, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы; телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарығында басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу туралы шешімдер қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау; Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібі Агенттіктің регламентімен анықталады. Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Басқарма жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне енетін кез келген мәселе бойынша шешімді қарауға және қабылдауға құқылы. Басқарманың шешімдері басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысуы шартымен басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен, оның ішінде Агенттік төрағасының, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның қатысуымен қабылданады. Басқарма отырысында қабылданатын шешімдер Агенттік төрағасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдер қабылдауы үшін негіз болып табылады. 21. Агенттіктің төрағасы: 1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы реттеу және бақылау жөніндегі басым мақсаттар мен міндеттерді анықтайды; 2) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды; 3) Агенттік туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады; 4) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 5) өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды; 6) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 7) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 8) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; 9) Агенттік өз құзыреті шегінде мүдделі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама қояды; 10) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 22. Агенттіктің жауапты хатшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттіктің төрағасының қызметінен кетуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды. 24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді. 25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады. 26. Агенттіктің Жауапты хатшысы: 1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Агенттіктің аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын және штат санын бекітеді; 5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібін, кадр қызметінің жұмысын және Агенттіктің құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды; 7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады; 8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 10) Агенттік төрағасының келісімі бойынша Агенттік қызметкерлерінің іссапарлары, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау, (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік төрағасының келісімі бойынша Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 12) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 13) Агенттік төрағасына Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және Агенттік қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітуге ұсынады; 14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттіктің төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; 15) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің қаржыландыру жоспарын және қаржылық есептілігін әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді; 16) мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады; 19) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 27. Жауапты хатшы: 1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге; 2) жауапты хатшының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға; 3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы. 28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. 29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Агенттіктің төрағасы бекітеді. 30. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері жауапты хатшы бекітетін Агенттік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді. 4. Агенттіктің мүлкі
31. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктен қалыптастырылады. 32. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 33. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
34. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |