Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін
Осы редакция 2007 жылғы 27 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұрынғы ред. қара) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін. 2. "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім. 2. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады. 3. Аттестациялауға, жүкті әйелдерді қоспағанда, барлық қызметшілер жатады. ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605 жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Қызметшiлер мемлекеттік қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi. Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс. ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605 жарлығымен 5-тармақ толықтырылды Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|