|
|
|
«Шитті мақтаны сақтау және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу шарттарының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1218 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
«Сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 4-5/969 бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны; 2) Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу шартының үлгі нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1218 қаулысымен бекітілген
Шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны
Бұдан әрі «Иегер» деп аталатын,____________________негізінде әрекет жасайтын,______________________атынан_______________________________ (шитті мақтаның иесі) және бұдан әрі «МӨҰ» деп аталатын,__________________негізінде әрекет жасайтын,________________________атынан,____________________________ (мақта өңдеу ұйымы) бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы шитті мақтаны сақтау жөніндегі өтелетін қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1.1. Осы Шартқа сәйкес және оның талаптарында МӨҰ-ның шитті мақтаны сақтау жөніндегі өтелетін қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) көрсетуі осы Шарттың мәні болып табылады. 1.2. Сақтауға берілетін шитті мақтаның көлемі мен сандық-сапалық көрсеткіштерін Тараптар осы Шартқа 1-қосымшада айқындайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. МӨҰ: 2.1.1. Иегерден осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген мақта қабылдау пункттерінде шитті мақтаны сақтауға қабылдауға және өтінім берген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде шитті мақта партиясын қалыптастырғаннан кейін оның өтініміне сәйкес оған мақта қолхаттарын беруге; 2.1.2. осы мақта қолхаттарын мақтаның кепілдік берілген көлеміне енгізу туралы өтінішпен мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына жазылған ілеспе хатты Иегерге беруге; 2.1.3. шитті мақтаны қабылдаған кезде оның сапасын айқындауды Шартқа 1-қосымшада айқындалатын стандартқа сәйкес жүзеге асыруға; 2.1.4. сақтауға қабылданған шитті мақтаның сандық және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге; 2.1.5. шитті мақтаны сақтау жағдайларын техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес сақтауға; 2.1.6. Иегердің талабы бойынша МӨҰ көрсеткен қызметтер үшін берешегі жоқ болған кезде мақта қолхатының орнына шитті мақтаны босатуға Иегердің жазбаша өтінімі тіркелген күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінімде көрсетілген шитті мақта көлемін босатуды (тиеп жөнелтуді) бастауға және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және 35-бабының 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тиеп жөнелту басталғаннан кейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауға; 2.1.7. Иегердің талабы бойынша шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) өкілінің шитті мақта сынамаларын іріктеуін қамтамасыз етуге; 2.1.8. сақтаудағы шитті мақтаны жоғалту немесе зиян келтіру қауіпі туындаған жағдайларды қоспағанда, Иегердің келісімінсіз шитті мақтаны үшінші тұлғаға сақтауға бермеуге. Шитті мақтаны үшінші тұлғаға сақтауға беру туралы МӨҰ дереу Иегерге хабарлауға міндетті. Бұл ретте МӨҰ шитті мақта сақтауға берілген үшінші тұлғаның әрекеттері үшін жауапты болады; 2.1.9. мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу жолымен мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге; 2.1.10. шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны тоқтата тұру, жою туралы, сондай-ақ МӨҰ-ны қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту туралы, банкроттық рәсімін қозғау, өз еркімен тарату туралы және уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және/немесе жазбаша түрде тиісті шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Иегерге хабарлауға міндеттеме алады. 2.2. МӨҰ-ның: 2.2.1. осы Шарттың 3-бөліміне сәйкес Қызметтер үшін төлемақы талап етуге; 2.2.2. Иегерде көрсетілген Қызметтер төлемақысы бойынша қарызы болса, шитті мақтаны босатудан (тиеп жөнелтуден) бас тартуға; 2.2.3. шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) кезінде Иегермен бірлесе отырып, шитті мақтаны оның мақта қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеруге немесе шығыстарды өз есебінен өтей отырып, шитті мақтаға тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар. 2.3. Иегер: 2.3.1. МӨҰ-ның Қызметтерін осы Шарттың 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен және шарттарда уақтылы төлеуге; 2.3.2. шитті мақтаны алда болатын тиеп жөнелту туралы МӨҰ-ға жазбаша өтінім беруге; 2.3.3. мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігі) жоғалтқан жағдайда ол туралы дереу жазбаша түрде МӨҰ-ға хабарлауға міндеттеме алады. 2.4. Иегердің: 2.4.1. МӨҰ-да сақталатын шитті мақтаны мақта қолхатында көрсетілген көлемде иеленуге; 2.4.2. шитті мақтаны қабылдау кезінде оның сапасын осы Шартқа 1-қосымшада айқындалатын стандарт бойынша айқындауға; 2.4.3. шитті мақтаны қабылдау және босату (тиеп жөнелту) кезінде өлшеуге қатысуға; 2.4.4. шитті мақтаны сақтау орнын тексеруді жүзеге асыруға және шитті мақтаның сынамаларын іріктеуді талап етуге; 2.4.5. шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) кезінде мақта қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеру жүргізуге; 2.4.6. шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу үшін шығындарды өз есебінен өтей отырып, шарттық негізде аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) жүгінуге құқығы бар.
3. Шарттың жалпы сомасы және есептесу тәртібі
3.1. Шитті мақтаның бір тоннасын сақтау жөніндегі қызметтер үшін МӨҰ-ның сыйақы сомасы ________(_________) теңгені құрайды және ол МӨҰ-ның Қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қамтиды және осы Шартқа 1-қосымшада айқындалады. 3.2. Осы Шарттың жалпы сомасы _______(________) теңгені құрайды. 3.3. Нарықта үстем жағдайға ие МӨҰ Қызметтерінің бағалары (тарифтері) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 3.4. МӨҰ-ның Қызметтеріне төлем жасау осы Шартқа сәйкес ақшалай немесе Иегер мақта қолхатында индоссамент жасай отырып, МӨҰ-ға шитті мақтаның тиісті санын беру арқылы жүргізіледі. 3.5. Қызметтерге төлем жасау мерзімдері Тараптардың келісімі бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
4.1. Осы Шарт МӨҰ шитті мақтаны сақтауға қабылдағанын растауға Иегерге берген мақта қолхаттарында белгіленген мерзімге жасалды және Тараптар өз міндеттемелерін толығымен орындаған кезде өзінің қолданылуын тоқтатады. 4.2. Шартты МӨҰ-ның бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
5.1. Сақталудағы шитті мақта жоғалған, жетпеген, зақымдалған, бұзылған жағдайда МӨҰ Иегердің пайдасына жоғалған, жетпейтін, зақымдалған, бұзылған шитті мақтаның құнын төлейді. 5.2. МӨҰ шитті мақтаны босату (тиеп жөнелту) мерзімін бұзған жағдайда МӨҰ Иегерге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы тиеп жөнелтілмеген шитті мақта партиясының құнынан % мөлшерінде өсімпұл төлейді. 5.3. Айыппұл санкцияларының сомасы, шитті мақтаның құнын өтеу, сондай-ақ МӨҰ-ның әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде Иегерге келтірілген шығындар сомасы өндіріп алу күніне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша айқындалады. Нарықтық бағасын айқындау кезінде халықаралық мақта биржаларының ресми жарияланған бағаламалары назарға алынуы мүмкін. 5.4. Иегер Тараптар айқындаған сыйақы төлеу мерзімін бұзған жағдайда Иегер МӨҰ-ға әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін төленбеген сомадан ____% мөлшерінде өсімпұл төлейді. 5.5. Тараптардың бірінің қабылдаған міндеттемелерді орындамауының немесе тиісті түрде орындамауының нәтижесінде екінші Тарапқа келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледі. 5.6. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
6.1. Егер Тараптар болжай алмаған, алдын ала алмайтын дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар жататын еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары туындау салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы жағдайлардың әрекеті уақытына мөлшерлес мерзімге ұзартылуы мүмкін. 6.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасайтын Тарап осындай жағдайлар туындаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа ол туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының тиісті құжатын беруге міндетті. 6.3. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарларын алдын алу немесе жеңілдету және жедел жою үшін қажетті күш салуға міндетті. 6.4. Егер форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күннен аса созылған жағдайда Тараптар нақты көрсетілген Қызметтер үшін есептесуді жүргізе отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
7.1. Осы Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды соттан тыс шешу үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттеме алады. 7.2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуы тиіс.
8.1. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелер индоссамент жасау кезінде мақта қолхатында көрсетілген көлемде мақта қолхаты бойынша құқықтарды берумен бірге беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде МӨҰ-ға мақта қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы хабарлайды. 8.2. Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады, жазбаша түрде ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы және мөрлермен бекітілуі тиіс. 8.3. Егер осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың осыған өкілеттік берген өкілдері тиісті түрде қол қойған жағдайда олар жарамды болып табылады. 8.4. Осы Шарт әрбір Тарап үшін бір данадан бірдей заңды күшке ие 2 данада жасалған.
9. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Иегер МӨ
1-қосымша
200__ж. «___»_______________№____шартқа шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштері және шитті мақтаны сақтау жөніндегі қызметтердің құны 200__ж. «___»_______________№____
1. Сақтауға берілетін шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштері
кестенің жалғасы
2. Шитті мақтаны сақтау жөніндегі қызметтердің құны
о.і.ҚҚС____%.
шартының үлгі нысанына 2-қосымша
Мақта қабылдау пункттерінің тізілімі
Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1218 қаулысымен бекітілген
Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу шартының үлгі нысаны
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын,_________________негізінде әрекет жасайтын,_________________атынан_____________________________ (шитті мақтаның иесі) және бұдан әрі «МӨҰ» деп аталатын,__________________негізінде әрекет жасайтын__________________________атынан____________________________ (мақта өңдеу ұйымы) Бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы шитті мақтаны талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде өтелетін қызметтер көрсету (бұдан әрі - Шарт) шартын жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Осы Шартқа және оның талаптарына сәйкес МӨҰ-ға шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу бойынша өтелетін қызметтер көрсету (бұдан әрі - Қызметтер) осы Шарттың мәні болып табылады. 1.2. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның жалпы мөлшері кондициялық салмақтың _________(_________) тоннасын құрайды. Бастапқы өңдеуге берілетін шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштері, мақта талшығы мен мақта тұқымының сандық-сапалық көрсеткіштері осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 1.3. Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады: 1) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы; 2) шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдері - мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар); 3) шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдері - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар).
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. МӨҰ: 2.1.1. Тапсырыс беруші шитті мақтаны бастапқы өңдеуге осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген мақта қабылдау пунктерінде қабылдауға және өтінім берген сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде мақта партиясын қалыптастырғаннан кейін оның өтініміне сәйкес мақта қолхаттарын беруге; 2.1.2. осы мақта қолхаттарын мақтаның кепілдік берілген көлеміне енгізу туралы өтінішпен мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына жазылған ілеспе хатты Тапсырыс берушіге беруге; 2.1.3. Қызметтерді 200__ жылғы «___»________дейінгі мерзімде көрсетуге; 2.1.4. шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің осы Шартқа 1-қосымшада айқындалатын нормативтерден төмен емес шығымын қамтамасыз етуге; 2.1.5. осы Шарттың 2.1.3. тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін бірінші жазбаша талап бойынша Тапсырыс берушіге немесе оның өкілетті тұлғасына «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағында және 35-бабының 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша талап жіберілген күннен бастап он екі күнтізбелік күннен кешіктірмей шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін беруге; 2.1.6. шитті мақтаны мақта талшығы етіп сапалы бастапқы өңдеуді техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; 2.1.7. Тапсырыс беруші бастапқы өңдеуге берген шитті мақтаның, сондай-ақ оның бастапқы өңдеу өнімдерінің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз етуге, мақта талшығының және мақта тұқымының сандық және/немесе сапалық көрсеткіштерінің Шартқа 1-қосымшада айқындалатын сандық және/немесе сапалық көрсеткіштерінен ауытқуы анықталған жағдайда Тапсырыс берушіге жетпейтін және/немесе сапасы бойынша сәйкес келмейтін мақта талшығын және мақта тұқымын өтеуге; 2.1.8. шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін жоғалту немесе зақым келтіру қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға мақтаны сақтау немесе бастапқы өңдеу үшін ауыстырмауға міндеттенеді. Үшінші тұлғаға бергені туралы МӨҰ дереу Тапсырыс берушіге хабарлауға міндетті. Бұл ретте МӨҰ шитті мақтаны және/немесе оның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтауға немесе бастапқы өңдеуге берілген үшінші тұлғаның әрекеттері үшін жауапты болады. 2.1.9. Тапсырыс берушіге оның өтінімі бойынша бес жұмыс күні ішінде МӨҰ-ның техникалық мүмкіндіктері, Тапсырыс берушіге тиесілі шитті мақта оны бастапқы өңдеу өнімдерінің бары, қозғалысы және сапасы туралы ақпарат беруге; 2.1.10. Тапсырыс берушіге шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны тоқтата тұру, жою, сондай-ақ МӨҰ-ны қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту туралы, банкроттық рәсімін қозғау, өз еркімен тарату туралы және уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және/немесе жазбаша түрде тиісті шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға; 2.1.11. Тапсырыс берушінің талабы бойынша оның сапасын тексеру үшін мақта сынамаларын іріктеуді қамтамасыз етуге; 2.1.12. «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақта талшығының сапасын міндетті сараптауды жүргізуді және мақта талшығы сапасының паспортын алуды қамтамасыз етуге; 2.1.13. мақта талшығы сапасының бумаларын байлау және таңбалау бойынша стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндеттеме алады. 2.2. Тапсырыс беруші: 2.2.1. Қызметтерді осы Шартта белгіленген тәртіппен және жағдайларда уақтылы төлеуге 2.2.2. мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда ол туралы дереу жазбаша нысанда МӨҰ-ға хабарлауға; 2.2.3. осы Шарттың 2.1.3-тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін он екі жұмыс күнінен кешіктірмей шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдерін өз есебі арқылы шығарып тастауға міндеттеме алады. 2.3. МӨҰ-ның: 2.3.1. осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтері үшін төлемақы талап етуге; 2.3.2. осы Шарттың 2.1.3-тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін шитті мақтаның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтау қызметтерін көрсеткені үшін күніне тоннасына_____теңге мөлшерінде төлемақы талап етуге құқығы бар. 2.4. Тапсырыс берушінің: 2.4.1. МӨҰ-да сақталатын мақтаға мақта қолхатында көрсетілген көлемде иелік жасауға; 2.4.2. шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін қабылдау және босату (тиеп жөнелту) кезінде оларды өлшеуге қатысуға; 2.4.3. шитті мақтаны және оның бастапқы өңдеу өнімдерін сақтау орындарын қарауды жүзеге асыруға және сапасын тексеру үшін мақта сынамаларын іріктеуді талап етуге; 2.4.4. шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін босату (тиеп жөнелту) кезінде МӨҰ өкілімен бірлесіп, шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін олардың осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкестігін тексеруге; 2.4.5. «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақта талшығының сапасын міндетті сараптауды жүргізуге және мақта талшығы сапасының паспортын алуға; 2.4.6. шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерінің сапасына сараптама жүргізу үшін қажет болған кезде шығыстарды өз есебінен өтей отырып, тәуелсіз сараптама ұйымына жүгінуге құқығы бар.
3. Шарттың жалпы сомасы және есептесу тәртібі
3.1. Шитті мақтаның бір тоннасын бастапқы өңдегені үшін МӨҰ-ның сыйақы сомасы ___________(_________) теңгені құрайды, ол МӨҰ-ның Қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдерді қамтиды. 3.2. Осы Шарттың жалпы сомасы ________(_______) теңгені құрайды. 3.3. Нарықта үстем жағдайға ие МӨҰ-ның Қызметтерінің бағалары (тарифтері) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 3.4. МӨҰ қызметтерінің төлемі осы Шартқа сәйкес ақшамен не Тапсырыс берушінің мақта қолхатына индоссамент жасай отырып, МӨҰ-ның тиісті мақта санын беру жолымен жүргізіледі.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Шитті мақта және оны өңдеу өнімдері жоғалған, жетпеген, зақымдалған, бұзылған жағдайда МӨҰ Тапсырыс берушінің пайдасына жоғалған, жетпейтін, зақымдалған, бұзылған шитті мақта және оны өңдеу өнімдерінің құнын төлейді. 4.2. МӨҰ Шарттың 2.1.3-тармақшасында көзделген Қызметтер көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда МӨҰ Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы өңделмеген шитті мақта партиясының құнынан % мөлшерінде өсімпұл төлейді. 4.3. МӨҰ мақта талшығын босату (тиеп жөнелту) мерзімін бұзған жағдайда Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін әрбір уақтылы тиеп жөнелтілмеген мақта талшығы партиясының құнынан ___% мөлшерінде өсімпұл төлейді. 4.4. Тапсырыс беруші Қызметтерді төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда МӨҰ-ға әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін төлемеген сомадан_____% мөлшерінде өсімпұл төлейді. 4.5. Тараптардың бірі қабылдаған міндеттемелерді орындамауының немесе тиісінше орындамауының нәтижесінде екінші Тарапқа келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледі. 4.6. Айыппұл санкцияларының сомасы, шитті мақтаның және оны бастапқы өңдеу өнімдерінің құнын өтеу, сондай-ақ МӨҰ-ның әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде Тапсырыс берушіге келтірілген шығындар сомасы өндіріп алу күніне қалыптасқан нарық бағалары бойынша айқындалады. Нарық бағасын айқындау кезінде халықаралық мақта биржаларының ресми жарияланған бағаламалары назарға алынуы мүмкін. 4.7. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
5. Форс-мажор
5.1. Тараптар болжай алмаған, алдын ала алмайтын, дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар жататын еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларының туындауы салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы жағдайлардың әрекеті уақытына мөлшерлес мерзімге ұзартылуы мүмкін. 5.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасайтын Тарап осындай жағдайлар туындаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа ол туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының тиісті құжатын беруге міндетті. 5.3. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының туындау салдарларын алдын алу немесе жеңілдету және жедел жою үшін қажетті күш салуға міндетті. 5.4. Форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күннен аса созылған жағдайда Тараптар нақты көрсетілген Қызметтер үшін есептесуді жүргізе отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |