Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік (2007.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.11. № 1176 қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.20.06. № 566 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді
Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер- Аслан Есболайұлы Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Экономика және Жасер Әзімханұлы бюджеттік жоспарлау министрлігi Экономикалық саясат және болжамдау департаментінің директоры, хатшы
Таспихов - Қазақстан Республикасының Парламентi Амангелді Сатыбалдыұлы Мәжілісінің депутаты
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулилы шаруашылығы вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасы Индустрия және Ғабит Мұхамбетұлы сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше Виктор Николаевич жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Жампейісов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын Амангелді Сүйімбайұлы басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Есжанов - Қазақстан Республикасы Көлік және Қанат Бөлебайұлы коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әли Амантайұлы қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары
Topтaeв - Қазақстан Республикасы Статистика Бауыржан Қадырұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Білісбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық Нұрғали Дәулетбекұлы қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы
Нұрғожаева - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Татьяна Александровна министрлігі Бюджет департаментінің директоры
Нұржанов - Қазақстан Республикасы Экономикалық Қасымтай Біржанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы
Әубәкіров - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күлімбай Рахманұлы министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы
Айсағалиева - Қазақстан кәсіпкерлері форумының София Серікбайқызы атқарушы директоры
Әріпханов - Қазақстан Республикасының Еңбек Айдар Әбдіразақұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы Дәулет Еділұлы вице-министрi
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігi төрағасының орынбасары
Сәтқалиев - Қазақстан Республикасының Алмасадам Майданұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Асқар Болатұлы Индустрия және сауда вице-министрi
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Бисенғали Шамғалиұлы төрағасының орынбасары
Бишіғаев - Қазақстан Республикасы Асқар Дарушұлы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Мусин - Қазақстан Республикасы Денсаулық Ерік Мазанұлы сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Әділет Марат Жомартбекұлы министрлігі Тіркеу қызметi комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы
Әлібаев - Қазақстан Республикасы Әділет Айтбай Сүйінбайұлы министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Тәутеев - Қазақстан Республикасы Қоршаған Әуесбек Зыпашұлы ортаны қорғау министрлігi Экологиялық реттеу департаментінің директоры
Үкіметінiң 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi: 1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. 5. Комиссияның негiзгі функциялары: 1) мүдделi мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу; 2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келісім бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан (келісім бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды. 8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады. 9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi. 10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. 11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс. 12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi. |