Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы мынадай редакцияда жазылсын:
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Ғаббасов Сырым Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу және перспективалық даму департаментінің директоры, хатшы |
комиссия мүшелері
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Уәйісов Мерей Құрманұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Қиынов Ләззат Кетебайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Кұсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Саудабаев Дәулет Советұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Барменқұлов Әділет Назарбайұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері |
Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы |
Дырин Сергей Юрьевич | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы |
Жантикин Тимур Мифтахұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің төрағасы |
Рябцев Анатолий Дмитриевич | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы |
Байқошқаров Нұрмұхамед Берденұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық ресурстар комитетінің төрағасы |
Сүлейменов Нәсіполла Зейноллаұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің төрағасы |
Түсімов Өмірзақ Төлеуұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы |
Асқаров Альберт Мұхтарұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
Қожамұратов Асылбек Әубәкірұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары |
Носоновский Геннадий Владимирович | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтарының комитеті төрағасының орынбасары |
Матаев Ғабит Мұстапаұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аппарат басшысы |
Якубаев Эрик Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аппарат басшысы |
Жексенбеков Сәкен Сайлаубекұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментінің директоры |
Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы |
Оспанов Кеңес Сәрсенғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері |
Әшімбаев Марат Омарбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті «Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры |
Зейнуллин Талғат Маратұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Абақанов Таңатқан Досқараұлы | - «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Нағманов Қажымұрат Ыбырайұлы | - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті (келісім бойынша) |
Осоченко Владимир Григорьевич | - «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы | - Қазақстан Республикасы Қызыл Жартыай Қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Тимофеев Андрей Владимирович | - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік қауіпсіздік және көлік қауымдастығы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |