|
|
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539 (бұр.ред. қара); 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара); 2005.31.10. № 1089 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1326 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2009.03.12 № 1997 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1258 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 496 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысымен бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, хатшы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының президенті (келісім бойынша) «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшін жойған кейбір шешiмдерінің тiзбесi
1. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат). 2. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат). 3. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 578 қаулысы. 4. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 мамырдағы № 671 қаулысының 1-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |