|
|
|
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы бекітілсін. 2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 2-тармақтағы "Қоса беріліп отырған" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген, Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ережедегі: 5-тармақтың жетінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы "комитетінің" деген сөз "агенттігінің" деген сөзбен ауыстырылсын; 3. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 578 қаулысымен бекітілген Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы Құлмаханов - Қазақстан Республикасы Төтенше Шалбай Құлмаханұлы жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға Бижанов - Қазақстан Республикасы Төтенше Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары Омарова - Қазақстан Республикасы Денсаулық Мәриям Нұрғалиқызы сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы, төрағаның орынбасары Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Альберт Мұхтарұлы ісі жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бастығының орынбасары, хатшы Комиссия мүшелері: Алтынбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше Сейілбек Алтынбекұлы жағдайлар жөніндегі агенттігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаментінің директоры Атшабар - Қазақ чумаға қарсы ғылыми-зерттеу Бахыт Бақиұлы институтының директоры Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Нұртай Әбіқайұлы істер бірінші вице-министрі Бычкова - Қазақстан Республикасы Әділет Светлана Федоровна министрлігінің Соттық сараптама орталығының директоры Дүрімбетов - Қазақстан Республикасының Еркін Ермекұлы Мемлекеттік бас дәрігері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Бас Оңалсын Исламұлы Прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Кравчук - Қазақстан Республикасы Төтенше Александр Васильевич жағдайлар жөніндегі агенттігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің директоры Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл Асқар Исабекұлы шаруашылығы вице-министрі Нүкенов - Қазақстан Республикасының Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы Нұрбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қосбасар Болатбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі Иван Иванович істер вице-министрі Петров - Қазақстан Республикасы Төтенше Валерий Викторович жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Сыпатаев - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық Майдан Бегімбекұлы станциясының бас дәрігері Тұрсынқұлов - Қазақстан Республикасы ауыл Шахайдар Жорабекұлы шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық қадағалау департаментінің директоры Цой - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Валерий Николаевич министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық орталығының бастығы Чакликов - СПИД-тен сақтандыру және қарсы күрес Тұрар Ескендірұлы жөніндегі республикалық орталығының бас директоры
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |