|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат): кiріспеде, 1 және 4-тармақтарда "мемлекеттік комитеттердiң," деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы ережеде: 2, 3 және 4-тармақтарда "мемлекеттік комитеттермен,", "мемлекеттік комитеттерден,", "мемлекеттік комитеттердің," деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi комиссияның төрағасы болып табылады"; 6 және 7-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінiң", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Төтенше жағдайлардың алдың алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн: Көпеев - Қазақстан Республикасының Төтенше Мұхамбет Жұманазарұлы жағдайлар министрi, төраға Жанасаев - Қазақстан Республикасының Төтенше Болат Бақытжанұлы жағдайлар вице-министрi Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрi Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше Виктор Николаевич жағдайлар министрлiгі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасы Сәрекенов - Қазақстан Республикасы Төтенше Қабидолла Зұлқашұлы жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң төрағасы Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық Альберт Мұхтарұлы сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi төрағасының орынбасары Рябцев - Қазақстан Республикасы Ауыл Анатолий Дмитриевич шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң төрағасы Жексенбеков - Қазақстан Республикасы Көлiк және Сәкен Сайлаубекұлы коммуникация министрлігі Заң департаментінің директоры; "Бижанов - Қазақстан Республикасы Төтенше Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар жөніндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше Валерий Викторович жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының біріншi орынбасары, төрағаның орынбасары Адамова - Қазақстан Республикасының Төтенше Алма Берiкқожақызы жағдайлар жөніндегі агенттiгінiң бас маманы, хатшы Әшiмбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия Марат Омарбайұлы және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институтының директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Бижанов - Қазақстан Республикасының Төтенше Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар бірiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi Адамова - Қазақстан Республикасы Төтенше Алма Берiкқожақызы жағдайлар министрлігінiң бас маманы, хатшы Әшiмбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия Марат Омарбайұлы және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық комитетi "Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының директоры; көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы, Данаев Нарбота Тұрсынбайұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Қонаев Эльдар Асқарұлы, Оглов Вадим Валерьевич. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |