Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысы
(2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539 (бұр.ред. қара); 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара); 2005.31.10. № 1089 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1326 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2009.03.12 № 1997 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1258 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның
құрамы
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
комиссия мүшелері:
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Дембай Салауат Маханбетұлы | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы |
Қиынов Ләззат Кетебайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Кулинич Александр Васильевич | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Омаров Қайрат Ермекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы |
Абақанов Таңатқан Досқараұлы | - «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы | - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOG» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Қизатов Ермек Әнуарбекұлы | - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы | - Қазақстан Республикасы Қызыл Жартылай Қоғамының президенті (келісім бойынша). |
Майлыбаев Асқар Мұратұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің директоры, хатшы, |
Асылов Берік Ноғайұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша), |
Жарасов Жанат Абдоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша), |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, |
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, |
Садықов Болат Нұрмырзаұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, |
Сарсенов Сәкен Сейітжаппарұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі, |
Смаилов Жанболат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, |
Дайыров Мүслім Қадылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы әскерлер бас басқармасының бастығы, |
Алпысбаев Мелик Нармұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры; |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшін жойған кейбір шешiмдерінің
тiзбесi
1. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат).
2. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат).
3. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 578 қаулысы.
4. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 мамырдағы № 671 қаулысының 1-тармағы.