|
|
|
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні: 1) мемлекеттің әскери қауіпсіздігі, әскери өнер, құрылыс саласындағы іргелі, кешенді әскери-теориялық және жедел-стратегиялық зерттеулер жүргізу, Қарулы Күштерді даярлау және қолдану; 2) әскери саладағы ғылыми-техникалық прогресті дамытуды талдау және қамтамасыз ету, әскери ғылымның рөлін күшейту, қару-жарақ пен техниканы құру және жетілдіру жобаларын әзірлеу, Қарулы Күштердегі ақпараттық технологияларды дамыту болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен 387000000 (үш жүз сексен жеті миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97 жолмен толықтырылсын: «21-97 «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-1-жолмен толықтырылсын: «280-1. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ»; 3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |