|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 392-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламада: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Қаржыландыру көздері» деген жолдағы «3474,8», «1182,3», «904,1», «1388,4» деген сандар тиісінше «7796,7», «1223,4», «2051,1», «4522,2» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген жолда «Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды жақсартуға,» деген сөздерден кейін «нарықтық инфрақұрылымды дамытуға,» деген сөздермен толықтырылсын; «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде: «Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» деген 5.1.2-кіші бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қызылорда қаласындағы су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту»; «Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу» деген 5.1.4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қызылорда қаласындағы жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.»; «Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде: бірінші абзацтағы «20947,8», «7790,0», «6569,5», «6588,3» деген сандар тиісінше «25269,7», «7831,1», «7716,5», «9722,1» деген сандармен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «3474,8», «1182,3», «904,1», «1388,4» деген сандар тиісінше «7796,7», «1223,4», «2051,1», «4522,2» деген сандармен ауыстырылсын. «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қызылорда қаласының жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.»; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру» деген 1-кіші бөлімде: реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» деген 2-кіші бөлімде: реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу» деген 4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-1-жолмен толықтырылсын:
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» деген 5-кіші бөлімде: реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-1-жолмен толықтырылсын:
«Жиыны (жылдар бойынша қаржыландыру көлемі)» деген жолда: «1182,3», «904,1», «1388,4» деген сандар тиісінше «1223,4», «2051,1», «4522,2» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |