|
|
|
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға (2008.06.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне әзірленетін өңірлік бағдарламаларда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешенді шаралар мен тетіктерді көздеу ұсынылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегi № 915 қаулысымен бекітілген
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарламаның мазмұны
3. Проблеманың қазіргі жай-кyйін талдау 3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуi 3.5. Арал өңірі экономикасының жай-күйi 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігi 5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру 5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егіншілік әдістерін жақсарту 5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу 5.1.5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту 5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктерi 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Атауы Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы негіздеме 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 104-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 41-8.28 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi H.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 27-28 сәуірде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларды орындау жөніндегi іс-шаралардың 4-тармағы
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Мақсаты Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өңірдің беделін арттыру арқылы Арал өңірі халқының тұрмыс сапасының өлшемдерін жақсарту болып табылады
Міндеттері Экологиялық ахуалды оңалту; суды ұтымды пайдалану және жерді пайдалану әдістерін жақсарту; сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету; нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету
Қаржыландыру Республикалық бюджеттен 7796,7 млн. теңге, көздері оның ішінде 2007 жылы 1223,4 млн. теңге, 2008 жылы 2051,1 млн. теңге, 2009 жылы 4522,2 млн. теңге көлемінде; халықаралық гранттар есебінен 2007 жылы 86,3 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу көзделіп отыр. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша қаражаттың көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру және онда көзделген асырудан күтілетін барлық шараларды қабылдау Арал өңіріндегi нәтижелер экологиялық ахуалды жақсартуға, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды ұтымды пайдалануға және Арал өңіріндегі егіншілік әдістерін жетілдіруге ықпал етуге тиіс.
Iске асыру мерзімі 2007-2009 жылдар
Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасірет нәтижесінде Арал өңірінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жөнінде ауқымды шаралар қабылдауда. Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысымен бекітілген Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген, Арал өңіріне іргелес өңірлер аумақтарының шөлейттену процесін тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және іске асырылуда. Осы және басқа шараларды іске асыру өңірдің экологиялық жай-күйін біршама жақсартуға, оның мемлекет кепілдік берген негізгі қызметтерді ұсынатын әлеуметтік және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуші инфрақұрылым желісімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға көмегін тигізді. Сонымен қатар, Арал өңірі проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды талап етеді. Осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуірде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарлама әзірленді.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Жалпы сипаттама
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаның қабылдануымен өңірдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар неғұрлым жүйелі сипатқа ие болды. Арал өңіріндегі экологиялық қасірет себептері мен салдарын жою жөніндегі басымдықтар айқындалды. Көрсетілген Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 2004-2006 жылдары Арал өңірі проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 17356,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2004 жылы 6271,9 млн. теңге, 2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджетті нақтылау кезіндегі түзетулерді ескере отырып) 3269,8 теңге бөлінді. Көрсетілген қаражат мынадай жобаларды іске асыруға жіберілді: Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау; Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы; Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу; Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 кәріздік-сорғы станциялары бар бас тегеурінді коллекторларды салу; Қызылорда облысында бас су өткізу құрылысы бар Қараөзек өзегін қайта жаңарту; Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту (1-кезек); Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру; және басқалар. Тұтастай алғанда, көрсетілген және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде Арал өңірінің проблемаларын шешу үшін 2004 - 2005 жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлінген болатын. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жайылымды пайдалану жүйесін жетілдіру, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шөлейттену процестерін болдырмау мақсатында егістікті жайылымдар жасау, Қызылорда облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтіру және мелиорациялау жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі шаралар қабылдануда. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары Арал өңірінде демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. 2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткіші халықтың әр 1000 адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл индикатор 25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-ті құрайды. Ақтөбе облысында да бала туу орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Өлім-жітім көрсеткіштері соңғы жылдары Арал өңірінің аудандарында да төмендеу үрдісіне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен қалыптасты. Арал өңірінде елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтік қорғау шаралары іске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық қасірет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлініп келді. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру жағдайының едәуір нашарлауына алып келген Арал өңіріндегі экологиялық қасірет себептері мен салдарын жою үшін капиталды қажет ететін ірі жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің одан әрі мақсатты қолдауы қажет. Сонымен бірге орасан күйзеліске ұшыраған, табиғи және әлеуметтік-экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін жарамсыз және даму үшін перспективасы жоқ өңір ретіндегі Арал өңірі туралы соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет. Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесі осы ұғымды өзгертуге, Арал өңірін үлкен мүмкіндіктер өңірі ретінде қабылдауға жәрдемдесуі тиіс, бұл оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы болады.
Арал теңізі бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау - 1-кезең" (бұдан әрі - САРАТС-1) жобасының бірінші кезеңін іске асыру бірінші кезектегі маңызға ие. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2006 жылғы ақпандағы деректер бойынша Арал теңізінің солтүстік бөлігінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша (жобаны іске асыру басталғанға дейін 39 метр) 41,4 метрлік белгіге дейін жетті. Бұл ретте, су бетінің аумағы 2606-дан 3156,6 шаршы км-ге дейін, су көлемі - 17,7-ден 25,2 текше км-ге дейін ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 граммға дейін азайды. Алдын ала есептеулер бойынша судың көбеюінің қазіргі қарқыны сақталған кезде Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі судың деңгейі 2006 жылдың соңына қарай Балтық жүйесі бойынша 42 метр белгіге жетеді, яғни жобалық көлемге жобада көзделген мерзімнен 1-1,5 жыл бұрын жетеді. Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменірек Сырдария өзенінің өткізу қабілеті 60-тан 400 текше м/сек. дейін және тиісінше 400-ден 760 текше м/сек. дейін ұлғайды. Көлдер жүйесін суландыру алаңы 6,3 мың гектарға, Қазалы гидроторабына "байланған" шабындықтар 7 мың гектарға және Қызылорда гидроторабына "байланған" суармалы жер 17 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта САРАТС-1 жобасының бірінші кезеңін іске асыру жалғасуда. Бұдан басқа, 2002 - 2005 жылдары Арал өңірінде 2 мұнай және 143 өздігінен төгіліп жатқан, оның ішінде құрамындағы радионуклидтері жоғары 121 ұңғыма жойылды. Нәтижесінде 300 мыңнан астам шаршы метр алаңдағы жер беті сулары мен топырақтың мұнай өнімдерімен және радионуклидтермен одан әрі ластануының алды алынды және шамамен 9 мың текше м/тәулік көлемінде жер асты тұщы судың шығысы қысқарды. Сонымен бірге, қабылданып отырған шараларға қарамастан, техногендік жүктеме және Арал өңірінің топырақ жамылғысының шөлейттенуі жалғасуда. Бұл ретте, топырақ түзудің теңгерімді табиғи процестері бұзылуда, топырақтың құнарлылығы мен өнімділігі азаюда, қоршаған ортаның ластану, топырақ жамылғысының сортаңдану мен азу процестері күшеюде. Жер ресурстарын пайдалануда жіберілген маңызды кемшіліктер едәуір учаскелерін су басқан және сортаңдалған суармалы жерлердің қайтарымының төмендеуіне әкелді. Жыл сайын айналымнан суармалы жердің 10-15 %-ның шығарылуы жалғасып отыр, Арал өңірінің оңтүстік бөлігінде жайылымның 20-25 %-ы жарамсыз. Үш мың жайылма көлдердің 123-і ғана қалды, шабындықтардың өнімділігі 4 есеге азайды, топырақтың шөлейттену және сортаңдану процесі күшейіп отыр. Суару және коллекторлық-дренаждық желілердің техникалық жай-күйі және олардың пайдалы әрекет коэффициенті жер, сондай-ақ су құрылғыларының тозу көздері бола отырып, өте төмен деңгейде қалып отыр. Суарылатын, құрғатылмаған және шала құрғатылған жерлердің сортаңдану және сондай-ақ батпақтану процестерімен қатар тыңайтқыштар қалдықтарының жинақталуы, улы химикаттармен, дефолианттармен ластануы байқалып отыр. Арал теңізінің кеуіп қалған табанында әртүрлі сортаңдардың ірі массивтері қалыптасты. Зерттелген 1533 мың га алаңның 755 мың га немесе шамамен 50 %-ы сортаң. 3,0 мыңнан астам га аумақта сексеуіл дәнін себу жөніндегі жыл сайынғы жұмыстар жеткіліксіз, өйткені Арал теңізінің кеуіп қалған табанының қазақстандық бөлігі шамамен 2,4 млн. га құрайды. 2004 - 2005 жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сәйкес өңірдегі судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Арал өңірінің экологиясы өңірлік орталығы 2003 - 2005 жылдар аралығында жүргізген қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығының жай-күйін мониторингілік зерттеулер халықты сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтамасыз етілуі халықтың денсаулығы нашарлауының маңызды себептерінің бірі болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте, ауыз сумен жабдықтау көздерінің неғұрлым қолайсыз жағдайы Қызылорда қаласында қалыптасқан, олар кермектігі, лайлылық, түстілік, сульфаттардың, құрғақ қалдықтың болуы сияқты химиялық-талдамалық көрсеткіштер бойынша шекті жол берілетін шоғырлануға (бұдан әрі - ШЖШ) сәйкес келмейді. Оңтүстік Қазақстан облысының Арал өңірінің аймағына кіретін өңірлерінде де жағдай оңып тұрған жоқ, онда мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторинг деректері бойынша Сырдария, Келес, Бадам өзендерінде мыс пен сульфат бойынша ШЖШ бірнеше есе асатын жер беті суларының ластануы байқалып отыр. Өңірде жер беті суларының ресурстары шектеулі болғандығына және өзінің сапалық сипаттамалары бойынша халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттілігін қанағаттандыра алмайтындығына байланысты судың жер асты запастарын пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты перспективада минералдылығы жоғары жер асты суларын тұщыту жөніндегі қондырғыларды қолдана отырып, жергілікті су тартқыштар салу қажеттілігі туындайды. Арал өңірі аумағында қоршаған ортаның барлық көрсеткіштерінің жаппай және жүйелі мониторингі жолға қойылмағанын атап өткен жөн. Ауа сынамасын бір жолғы іріктей отырып, тоқсан сайынғы мониторинг Қызылорда қаласында ғана жүзеге асырылады. Арал өңірінің қалған аумақтарында атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүргізілген жоқ. Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық жағдай мейлінше күрделі болып қалып отыр. Экологиялық қолайсыздық халықтың денсаулығына және бірінші кезекте ана мен бала денсаулығына әсер етеді. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қаны аздық, туберкулез, несеп-жыныс жүйесінің аурулары, гипертензиялық бұзылу, жүкті әйелдердің, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы) өсуі есебінен әйелдердің экстрагениталдық патологиясы ұлғайды. Бұл аудандарда аллергиялық ауру жиі байқалуда. Республиканың басқа аудандарындағы балалармен салыстырғанда Арал өңіріндегі балалардың антропометрикалық деректерінің неғұрлым төмен екендігі байқалуда. Қызылорда облысында жоғары аналар өлім-жітімі сақталуда (тірі туған әр 100 мың балаға 79,1), бұл республикалық көрсеткіштен шамамен 2 есеге жоғары. 2000 - 2005 жылдардағы Арал өңірі аймағы халқының ауырушаңдығы көрсеткіштерін талдау Арал өңірінің барлық аудандарында эндокринді, жүйке, ас қорыту жүйесі, несеп органдары жүйесі ауруларының өскенін көрсетті. Сонымен бірге, бұл халық денсаулығының нашарлауымен ғана емес, сондай-ақ жыл сайын жүргізілетін алдын ала медициналық тексерулер барысында ауруларды анықтаудың жақсаруымен де түсіндіріледі.
3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуi
Республика өңірлері бойынша талдау және салыстырмалы деректер Арал өңіріндегі сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңарту соңғы жылдары жедел қарқынмен жүзеге асырылғанының куәсі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 2002 - 2003 жылдары Арал өңірінде 195 км-ден астам су құбыры желілері салынды немесе қайта жаңартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірді ауыз сумен жабдықтауды дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 6107,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2004 жылы Қызылорда облысының Жалағаш, Жосалы кенттеріндегі және Жиделі топтық су құбыры (2-кезегін қайта жаңарту), Ақтөбе облысының Байғанин және Оңтүстік Қазақстан облысының Қарақұр ауылдарында су құбыры желілері салынды немесе қайта жаңартылды. 2005 - 2006 жылдары Арал-Сарыбұлақ (IV кезек), Жиделі және Кентау-Түркістан топтық су құбырлары сияқты ірі объектілердің құрылысы, Қызылорда облысының Қазалы қаласын сумен жабдықтау жобасы аяқталды (немесе аяқталу сатысында), Қызылорда облысының Жаңақорған, Тереңөзек кенттерінің, Ақтөбе облысының Ноғайты ауылының сумен жабдықтау объектілері, Қарағанды облысының Жезді кентіндегі су құбыры желілері және басқалар қайта жаңартылды. Қызылорда облысында Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде "Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы" жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық су аққысы желілерін қыздырылған шойыннан жасалған құбырлар төсеп, Арал қаласының қолданыстағы су тарату құбыры желісін полиэтилен құбырларымен қайта жаңарту, 3 мыңнан астам үйді қалпына келтірілген желіге қосу, су тарту колонналарын және өрт сөндіру гидранттарын орнату және тегеурінді су мұнараларын салу және басқа да жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша (75%) Қызылорда облысы республиканың басқа облыстары арасында алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Ақтөбе облысы бойынша 2005 жылы Арал өңіріндегі халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етілуі 60,4 %-ды құрады, орталықтандырылмаған көздерден 2000 жылғы 70 %-ға қарағанда - 39,5%-ды құрады. Жұмыс істемейтін бу құбырларының үлес салмағы 2000 жылғы 15,3 %-дан 2005 жылы 10,6 %-ға төмендеді. Сонымен бірге Арал өңірінде жұмыс істеп тұрған су құбырларының санитарлық-техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз күйде қалып отыр, бұл су құбыры құрылыстары мен тарату желілерінде апатты жағдайлардың жиі болуына алып келеді. Бірқатар су құбырларында тазарту және зарарсыздандыру қондырғыларының қажетті кешені жоқ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |