«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы (2007.24.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 2007.15.01. № 19 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: қосымшаға сәйкес құрамдағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін; Әлихан Асханұлы Смайыловты «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Yкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.15.01. № 19 (бұр. ред. қара); 2007.27.06. № 538 (бұр.ред.қара); 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна
Джеймс - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік Пенни қоғамының тәуелсіз директоры
Сауэр - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік Иван Адамович қоғамының тәуелсіз директоры
|