Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде: 12-тармақтың 3-1) тармақшасы "республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға" деген сөздердiң алдында "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн жекелеген республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 қаулысымен қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi 1. "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 2. "Бүркiт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 5. "Күйгенжар" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Үкіметінiң әкiмшiлiк ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны. |