2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 373, 374, 375, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 590925 мың теңге (бес жүз тоқсан миллион тоғыз жүз жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 22-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21, 24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың) пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс салаларының кезеңмен дамуы және жетілуі. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық тәжірибені зерттеуге және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген байланыс және ақпараттандыру салаларының нормативтік құқықтық негізін жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: байланыс қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының тиімді қызмет етуі үшін ақпараттық-коммуникациялық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, байланыс операторларының қызметін реттеу және бақылау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заң мүдделерін, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау; мемлекеттік тілге орташа есеппен 47 адамды оқыту, ағылшын тіліне орташа есеппен 55 адамды оқыту. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық секторының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: радиожиілік өрісін пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетті түсімдермен толтыру. Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны - 16,1 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны - 13,7 мың теңге. Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді уақытылы орындау. Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 60%-ды құрайды; ағылшын тілге оқыту курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 30%-ды құрайды; радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдарды заңсыз қолданушыларды, лицензиялық заңды бұзуларды кесіп өту және оперативті ашу, байланыс саласының қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының мемлекеттік реттеуін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 154860 мың теңге (бір жүз елу төрт миллион сегіз жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайы көлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамымен 12 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: 12 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 23 692 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 1 116 мың теңге, жылына мониторингтеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 130 052 мың теңге. Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес. Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2866766 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз алпыс алты миллион жеті жүз алпыс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы« 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» ақпараттық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында ықпалдасқан мемлекеттік ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және бағдарламалы-аппараттық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы мен бірыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Электрондық үкімет шеңберінде құрылған ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ АТ-бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың Серверлік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3882786 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз сексен екі миллион жеті жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы; «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2008 жылы телефондандыру бойынша қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3 882 786 мың теңге көлемінде. Соңғы нәтиже: барлық 7 305 ауылдық елді мекендерде (100%) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне ауыл тұрғындардың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауылда телефон тығыздығы көрсеткіштерін 9,45%-дан 10,3% жеткізу. Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 5 928 теңге. Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: ауылдық абоненттердің телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Электрондық үкімет құру» деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2244071 мың теңге (екі миллиард екі жүз қырық төрт миллион жетпіс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2007 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Қазақстан Республикасы сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік электрондық қызметтерге халықтың жедел және сапалы қол жеткізілімін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: е-үкімет инфрақұрылымының құрауыштарын қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру; «электрондық үкіметтің» қызметтеріне қол жеткізілімді қалыптастыру және қамтамасыз ету; заманауи ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен азаматтарға тиімді жаппай ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; «электрондық үкімет» инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; деректерді беру ашық желілері арқылы қорғалған электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкіншілігімен әртүрлі банкалық төлем жүйелеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдаланушылардың сәйкестендірілген қол жеткізілім тетігін құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Рұқсат берілетін құжаттарды есепке алу саласындағы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін пайдалануға енгізу. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне бір нүктеден қол жеткізуді қамтамасыз ету. Интерфейстің, қауіпсіздікті және сенімділікті пайдаланушылық қарапайымдылығы ретінде осындай функционалдық емес талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасының адамзат әлеуетін дамытуға, Қазақстан Республикасы халқының ортасында Интернет желілерін пайдаланушылар санын арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасында Интернет желісін пайдаланушыларының санын жоғарылататын веб-порталды әзірлеу; Мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталығының үзіліссіз жұмыстарын қамтамасыз ету, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және ЭҚАБЖ қатысушыларына тіркеу куәліктерін беру; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін Ұлттық куәландырушы орталығын құрудың 3-ші кезеңін іске асыру: Ұлттық куәландырушы орталығының Резервтік жүйесін құру, 10 құру және 18 Тіркеу Орталықтарын дамыту; Е-үкімет ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерін болжау, айқындау, ескерту мен болдырмау және олардың ықпал ету салдарын жою мүмкіншілігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы |