|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 355-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау» деген 1-тарауда: 1-кесте осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2005 жылдан бастап құрылыста, өнеркәсіпте және қызметтер саласында жоғары өсу қарқыны байқалды. Қызметтер саласында экономиканың өсуіне сауда, көлік пен байланыс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар айтарлықтай үлес қосты. ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлес салмағы 2001-2006 жылдар кезеңінде орта есеппен 51,4%-ды құрады.»; төртінші абзац алынып тасталсын; алтыншы абзац алынып тасталсын; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Орта мерзімді перспективада елдің экономикалық саясаты жеделдетілген өсуден стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қалыпты даму қарқынына өту жолымен экономиканың сапалы, теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.»; 1-сурет осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: сегізінші абзацтағы «9,1» деген сандар «5,6» деген сандармен ауыстырылсын; тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2010 жылға қарай болжам бойынша 10 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды, бұл 2006 жылғы деңгейден екі есеге жоғары. Мұнайға әлемдік баға жоспарланатын кезеңде бір баррель үшін 95-60 АҚШ доллары шегінде болжанып отыр. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2007 жылғы 67,5 млн. тоннадан 2010 жылғы 81,3 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. 2005-2006 жылдары инфляция деңгейі жоспарланған шекте ұсталып отырды. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2005 жылы 7,6%-ды, 2006 жылы 8,6 %-ды құрады. Инфляциялық процестерге экспорттық пайда және жеке меншік сектордың сыртқы қарыз алуы түріндегі шетелдік валютаның едәуір ағыны әсер етті. Орта мерзімді кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, инфляцияны 10%-дан аспайтын деңгейде ұстауға бағытталған инфляцияға қарсы кешенді саясатты іске асыруды жалғастырады.»; 2-кесте осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; он үшінші абзацтағы «экономика өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету және ел азаматтары әл-ауқатының деңгейін арттыру» деген сөздер «экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын; «Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері» деген 2-тарауда: бірінші абзацтағы «ел экономикасының өсуін» деген сөздер алынып тасталсын, «елдің орнықты экономикалық өсуіне» деген сөздер «жеделдетуге» деген сөзбен ауыстырылсын; «Бюджет жүйесін жетілдіру» деген 3-тарауда: жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін енгізу мақсатында жаңа Бюджет кодексі әзірленетін болады. Жаңа редакциядағы Бюджет кодексі мыналарды қамтамасыз етеді: бюджет процесінде нақты өзара байланысты қалыптастыру үшін құқықтық негіз жасау: стратегиялық бағдарламалық құжаттар - макроэкономикалық болжам және фискалдық саясаттың негізгі параметрлері - мемлекеттік органның стратегиялық жоспары (мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар/көрсеткіштер - бюджетті жоспарлау - бюджеттің атқарылуы - нәтижелерге қол жеткізуді бақылау (есеп және есептілік); мемлекеттік органдардың қызметін бюджет қаражатын игеруден нақты нәтижелерге қол жеткізуге қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру; бюджеттің атқарылу мониторингін бюджеттің кассалық атқарылуынан Стратегиялық жоспарлардың атқарылуына, яғни стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, нақты нәтижелерді алуға қайта бағдарлау; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жетілдіру.»; «Кірістер саясаты» деген 4-тарауда: бесінші абзацтағы «14 пайызға дейін» деген сөздерден кейін «, 2008 жылдан бастап 13 пайызға дейін» деген сөздермен толықтырылсын, «төмендетілді» деген сөзден кейін «және 2009 жылдан бастап 12 пайызға дейін төмендетілетін болады» деген сөздермен толықтырылсын; оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін жасау; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал етуі тиіс салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру; жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесін төмендету, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;»; мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «қосылған құн салығын үздік әлемдік практикаға сәйкес келуі; импортқа және ішкі өндіріске акциздердің ставкаларын біріздендіру; шағын және орта бизнес талаптарына мейлінше сәйкес келуі мақсатында арнайы салық режимдерін реформалау; жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау; әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасы мен салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің санын қысқарту, салықтық тексерулерді ретке келтіру. Жоғарыда көрсетілген міндеттер әзірленетін жаңа Салық кодексі шеңберінде шешілетін болады, бұл қолайлы инвестициялық ахуалды жасауға, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және елдер арасында капиталдың еркін ағылуы жағдайында экономиканың шикізат емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің дамуына, ЖІӨ-нің, бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына және халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне ықпал етуі тиіс.»; он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Қосылған құн салығы бойынша шартты шығындар 2008 жылы ставканың 14-тен 13 пайызға дейін төмендеуі нәтижесінде 57,7 млрд. теңгені, 2009 жылы ставканың 13-тен 12 пайызға дейін төмендеуінен 78,0 млрд. теңгені құрайды. Мұнайға қатысты емес кірістердің 2008 - 2010 жылдарға арналған болжамдарында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 328 қаулысына сәйкес шикі мұнай мен мұнай-битумға салынатын экспорттық кедендік баждардың түсімдері қосымша ескерілді. Сонымен қатар, 2009-2010 жылдары мемлекеттік басқару жүйесінің және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жыл сайын 25 %-ға жалақыны жоғарлатудың есебінен жеке табыс және әлеуметтік салықтардың қосымша түсімдері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 2007 жылы белгіленген 3% аударымның орнына 2009 жылы - 4%, 2010 жылы - 5% аударымдардың есебінен 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттерге әлеуметтік салық түсімінің азаюы ескерілді.»; 3-кесте осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын: «Салықтық емес түсімдердің 2008 жылы ЖІӨ-ге 0,5 %-дан 2009 жылы ЖІӨ-ге 0,3 %-ға дейін төмендеуі жүйесіз сипаттағы бір жолғы төлемдерге байланысты.»; он алтыншы, он жетінші абзацтар алынып тасталсын; 3-сурет осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4-сурет осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жиырма бірінші абзацтағы «7,4», «7,2», «6,8» деген сандар тиісінше «9,8», «7,3», «6,5» деген сандармен ауыстырылсын; жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Азаю мұнайға әлемдік бағаның 2008 жылы бір баррель үшін 95 АҚШ долларынан 2010 жылы бір баррелі үшін 60 АҚШ долларына дейін төмендеуіне байланысты. ЖІӨ өсуінің болжанып отырған қарқыны абсолюттік мәнде мұнай секторы кірістерінің ұлғаю болжамына қарамастан, 2010 жылғы көлемдерді қоспағанда, олардың өсу қарқынынан асады, бұл ЖІӨ-дегі үлес мөлшеріне әсер етеді.»; 4-кесте алынып тасталсын; «Шығыстар саясаты» деген 5-тарауда: оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы.»; он үшінші абзацтағы «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін (100 мектеп, 100 аурухана жобасы шеңберінде) пайдалана отырып,» деген сөздер алынып тасталсын, «салу» деген сөзден кейін «(оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы шеңберінде)» деген сөздермен толықтырылсын; отыз бесінші абзацтағы «2008 жылдан бастап» деген сөздер алынып тасталсын; отыз алтыншы абзацтағы «156» деген сандар «175» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы қырық үшінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерлерін ұлғайту;»; елу алтыншы абзацтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығымен бекітілген «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын» деген сөздермен ауыстырылсын; алпысыншы абзац алынып тасталсын; алпыс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жасыл мұнай» жүйесін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама іске асырылатын болады.»; сексенінші абзацтағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алынып тасталсын; сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «шикізат емес сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру; индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттарын дамыту үшін экономиканың өндіруші салаларының әлеуетін пайдалану; жаһандық орнықты қазақстандық корпорацияларды құру;»; мынадай мазмұндағы сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші абзацтармен толықтырылсын: «ауыл шаруашылығының әлеуетін дамыту; қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау және шағын және орта бизнесті дамыту; мемлекеттік холдингтердің қызметін үйлестіру; материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.»; мынадай мазмұндағы сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші абзацтармен толықтырылсын: «Мынадай жүйе қалыптастыратын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр: энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерін тиімді әрі үздіксіз электрмен және жылумен жабдықтауға ықпал ететін жобалық қуаты 2 640 МВт Балқаш ЖЭС-ін салу; Ақтау қаласында елдің батыс өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы проблемасын шешуге және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін атом электр станциясын салу; Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің газға қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және елдің энергетикалық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында Бейнеу - Бозой - Шалқар - Ақбұлақ магистральдық газ құбырын салу; Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін құру, бұл қосылған құны жоғары газ-химия өнімінің кең спектрін өндіруге, көмірсутек шикізаты бағасының ауытқуы кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейтуге, өңірдегі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді; Астана - Щучинск автомобиль жолын салу, оны пайдалануға беру транзиттік әлеуетті ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнындағы көліктік құрамдауышты төмендетуге, экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдетуге мүмкіндік береді; елдің экспорттық әлеуетін арттыру, тауар айналымын ұлғайту және экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдету мақсатында әр түрлі қаржыландыру көздерін тартуды көздейтін Өзен - Түркменстанмен шекара темір жол желісін салу.»; бір жүз жиырма алтыншы абзацтағы «Алматы қаласында» деген сөздер алынып тасталсын; бір жүз отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныс қажеттілігіне арналған шығыстар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери-саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық міндеттерді және Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын жүзеге асыруды негізге алып жоспарланатын болады.»; бір жүз қырық екінші абзацтағы «28,1», «38,4» деген сандар тиісінше «33,3», «34,4» деген сандармен ауыстырылсын; 6-сурет осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; бір жүз елу алтыншы абзацтағы «326,8», «12,9» деген сандар тиісінше «571,7», «19,1» деген сандармен ауыстырылсын; 8-сурет осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 9-сурет алынып тасталсын; бір жүз елу тоғызыншы абзац алынып тасталсын; бір жүз алпыс екінші абзац алынып тасталсын; 10-сурет алынып тасталсын; бір жүз алпыс үшінші абзацтағы «22,5», «21,9», «21,8» деген сандар тиісінше «23,5», «23,7», «23,4» деген сандармен ауыстырылсын; 5-кесте осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Бюджеттік кредит беру» деген 6-тарауда: жетінші абзацтағы «негізгі бағыттары» деген сөздерден кейін «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру,» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджетаралық қатынастар» деген 7-тарауда: төртінші абзацта: «206,5» деген сандар «497,7» деген сандармен ауыстырылсын; «128,0 млрд. теңге» деген сөздерден кейін «, 2007 жылы - 291,2 млрд. теңге» деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзацтағы «46,4» деген сандар «45,7» деген сандармен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы «58,5» деген сандар «57,6» деген сандармен ауыстырылсын; сегізінші абзацтағы «77,1» деген сандар «86,8» деген сандармен ауыстырылсын; мемлекеттік тілдегі мәтінде он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы әдістеменің негізінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң қабылданды.»; «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару» деген 8-тарауда: бірінші абзацтағы «жөніндегі тұжырымдамасына» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - Тұжырымдама)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланған. Мәселен, 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына арақатынасы 27,4%-ды құрады.»; 11-сурет осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жетінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын: «ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәні бар жобаларды қаржыландыру;»; 12-сурет осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімнің 2001-2007 жылдардағы өзгеру серпіні
1-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 2-қосымша
1-сурет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 3-қосымша
Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдардағы арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы
2-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 4-қосымша
Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнайға қатысты емес кірістердің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %
3-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 5-қосымша
3-сурет. Мұнай немесе кірістердің болжанатын серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 6-қосымша
4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қор активтерінің серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 7-қосымша
6-сурет. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі ағымдағы және инвестициялық шығыстар үлесінің өзгеруі
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 8-қосымша
8-сурет. Мемлекеттік бюджеттің 2005-2007 жылдардағы мұнай емес кірістері және 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %-бен
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 9-қосымша
Мемлекеттік бюджеттің 2008-2010 жылдарға арналған шығыстарының болжамы
5-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 10-қосымша
11-сурет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, ЖІӨ-ге %-бен
Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 464 қаулысын 11-қосымша
12-сурет. Республикалық бюджет тапшылығын үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландыру
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |