Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия). 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келісілуін қамтамасыз етсін. ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Мемлекет басшысын жыл сайын 20 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етіп отырсын; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|