|
|
|
Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы (2008.26.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысымен бекітілген
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс ережесі
2-тарау. ҰРТҚ және байланысты ұйымдастыру мен тәртібі § 1. ҰРТҚ және байланыс құралдары § 2. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмысын бақылау § 3. РТЖБП қызметінің жұмысын ұйымдастыру 3-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмыс істеуінің сенімділігін қамтамасыз ету § 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою 4-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру 5-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі және ұшу кезіндегі тексерулер § 1. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер § 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер 6-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту 7-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын есептен шығару 8-тарау. Авиациялық электр байланысына қойылатын талаптар 9-тарау. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру және оның құрылымы жөніндегі негізгі ережелер 10-тарау. Авиациялық электр байланысы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жалпы талаптар 11-тарау. Авиациялық әуе электр байланысына қойылатын жалпы талаптар 12-тарау. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы 14-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындаудағы авиациялық электр байланысы 15-тарау. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары үшін авариялық электр байланысы 16-тарау. Спутниктік электр байланысы 17-тарау. Авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар § 1. ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы § 2. Ішкі әуежайлық электр байланысы § 3. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы 18-тарау. Деректерді беру желілері 19-тарау. Авиациялық орнықты электр байланысының желісі 20-тарау. Авиациялық радио хабарларын тарату 21-тарау. Есепке алу және есеп берушілік
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс ережесі (бұдан әрі - Ереже) әуе кемелерінің ұшуының, жерден көтерілуі мен қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысын басқару кезіндегі ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс) жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді. 2. Осы Ереженің талаптарын өз қызметінде әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік қызметін қамтамасыз ететін ҰРТҚ және байланыс пайдаланатын, радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшы және инженерлік-техникалық персоналы мен азаматтық авиация ұйымдары іске асырады және қамтамасыз етеді. 3. Осы Ережеде мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады: 1) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және авиациялық станциялардың арасындағы немесе борттық станциялардың арасындағы радиобайланыс; 2) авиациялық бекітілген станция - жердегі авиациялық электр байланысы станциясы; 3) жердегі авиациялық электр байланысы - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығы, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір бекітілген пункттердің арасындағы электр байланысы; 4) авиациялық электр байланысы - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электр байланысы; 5) индекс - телефон станциясының абонентіне тағайындалған нөмір, авиациялық бекітілген электр байланысының желісі станциясының индексі, радиожеліге шақыру белгісі; 6) авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - ақпараттың жөнелтушіден алушыға берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен электр сигналдарының және радиосигналдарының таралу ортасының жиынтығы; 7) ұшу-пайдалану агенттігі - әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; 8) жұмыс істеу - бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, айналым, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығынымен өлшенетін жұмысының ұзақтығы немесе көлемі; 9) НОТАМ - электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсету мен ереженің қолданысқа енгізілгені, жай-күйі немесе өзгергені туралы ақпаратты немесе ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін уақтылы ескертілуі аса маңызды қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; 10) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы объектісі (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс объектісі) - әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде белгілі бір функцияны, сондай-ақ ұйымның өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған, жергілікті орындарға тұрақты немесе ұтқыр нұсқаларда орналастырылған, инженерлік-техникалық персонал қызмет көрсететін ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы құралдарының, қосалқы және технологиялық жабдықтың (дербес электр қоректендіру, байланыс желілері, басқару құралдары) жиынтығы; 11) объектінің істен шығуы (байланыстың бұзылуы) - жол берілгеннен артық уақыт ішінде объектінің (электр байланысы арнасының) өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдаланыла алмауына әкелетін объектінің (электр байланысы арнасының) жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылуына байланысты оқиға; 12) жоспарлы жөндеу - нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын жөндеу; 13) желіні пайдаланушы - берілген индексі бар және өз қызметінде электр байланысы желісін пайдаланатын ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға; 14) шекті жай-күй - бұйымның одан әрі оны мақсаты бойынша қолдануға болмайтын немесе қолданылуы орынсыз, не оның жарамды немесе жұмыс істеуге қабілетті жай-күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе орынсыз жай-күйі; 15) резервке қою - объектінің бір немесе бірнеше элементтер істен шыққан кезде, оның жұмыс істеуге қабілетті күйін сақтау мақсатында қосымша құралдарды және (немесе) мүмкіндіктерді қолдану; 16) бекітілген авиациялық электр байланысы желісі (бұдан әрі - AFTN) жердегі авиациялық электр байланысының бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе сыйысатын байланыс сипаттамалары бар бекітілген авиациялық станциялардың арасында хабарлармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін бекітілген авиациялық тізбектердің әлемдік жүйесі; 17) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс объектісін электрмен жабдықтау жүйесі - электр энергиясы көздерінен және (немесе) түрлендіргіштерінен, электр желілерінен, тарату құрылғыларынан, жүйенің параметрлерін берілген шектерде ұстап тұруды қамтамасыз ететін басқару, бақылау және қорғау құрылғыларынан тұратын электр энергиясын өндірудің және (немесе) түрлендірудің, берудің және үлестірудің жалпы процесімен біріктірілген жүйе; 18) РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері - РТЖБП қызметінің кезекші ауысымдарының жұмысын ұйымдастыратын, ҰРТҚ автоматтандырылған және автоматтандырылмаған объектілерін жедел бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ РТЖБП қызметінің салалас қызметтермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін РТЖБП қызметінің жедел персоналы; 19) хабар - байланыс желісі арқылы өтетін және осы желі белгілеген пішімі бар бар ақпарат; 20) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы құралдары (ҰРТҚ және байланыс құралдары) - өндірушінің талаптарына сәйкес әзірленетін және жеткізілетін, және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және (немесе) авиациялық электр байланысы жөніндегі белгілі бір функцияны және/немесе азаматтық авиация кәсіпорнының өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал; 21) қызмет ету мерзімі - бұйымды пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күй басталғанға дейінгі бұйымды пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы; 22) AFTN станциясы - AFTN бөлігі болып табылатын және мемлекеттің рұқсатымен әрі бақылауында жұмыс істейтін станция; 23) қосылу схемасы - бұйымның сыртқы қосылуларын көрсететін схема; 24) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу; 25) техникалық ресурс (ресурс) - пайдаланудың немесе жөндеудің белгілі бір түрінен кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі жұмыс істеуі; 26) техникалық қызмет көрсету - бұйымды мақсаты бойынша пайдаланған, сақтаған және тасымалдаған кезде оның жұмыс істеу қабілеттігін немесе жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі операциялар кешені (немесе операция). Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) деп мынадай белгілердің біреуі: бар болу кезеңі, мерзімділігі, жұмыс көлемі, пайдалану шарттары, регламенттелуі бойынша бөлінетін қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі; 27) уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, азаматтық және эксперментальдық авиация қызметін үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы; 28) кепілді электр қоректендіру қалқаншасы - электр энергиясымен қоректендірудің бір көзі істен шыққанда, кепілді уақыт өткен соң кернеу басқа көзден қалпына келтірілетін үлестіргіш құрылғы; 29) пайдаланымдық құжаттама - бұйымның техникалық пайдалануын регламенттейтін және пайдаланымдық шектеулерді, рәсімдерді және ұсынымдарды қамтитын құжаттама; 30) электр байланысы (телекоммуникация) - сымдық, радио-, оптикалық немесе басқа да электр магниттік жүйелері бойынша белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды тарату немесе қабылдау.
2-тарау. ҰРТҚ және байланысты ұйымдастыру мен тәртібі
§ 1. ҰРТҚ және байланыс құралдары
4. РТЖБП қызметі ҰРТҚ және байланыс объектілерінен (құралдарынан) тұрады, олар инфрақұрылыммен бірлесіп жұмыстардың көлемі мен түрлеріне байланысты мынадай кешендерді құруы мүмкін: 1) радиолокация; 2) радионавигация; 3) радиолокация мен радионавигация; 4) электр байланысы; 5) әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдары (бұдан әрі - ӘҚБ). 5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген кешендерді біріктіру арқылы ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету кешендері (ҰРТҚК) құрылады. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің қолданылу аймағын кеңейту үшін ҰРТҚК қашықтықтағы позициялары жасалады. Қажет болған жағдайда жөндеу-пайдаланымдық шеберханалар жасалуы мүмкін. 6. ҰРТҚ және байланыс құралдары пайдалану құжаттамасына қатаң сәйкес қолданылуы тиіс. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары техникалық-пайдалану құжаттарында (бұдан әрі - ТПҚ) келтірілген параметрлердің мәндеріне сәйкес болуы және пайдалану процесінде берілген шектерді ұстап тұрылуы тиіс. 7. ҰРТҚ және байланыс құралдарын объектіде орналастыру пайдалану және жобалау құжаттамасының талаптарына жауап беруі тиіс. 8. ҰРТҚ және байланыс құралдары объектілерінің инженерлік-техникалық персоналының саны нақты құралдарды, белгіленген нысандарды, техникалық қызмет көрсетудің әдістерін ескере отырып белгіленеді. 9. Электрмен жабдықтаудың негізгі көздері ретінде электр энергиясын орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесінен алатын көздер пайдаланылуы тиіс. Резервтік көздер ретінде резервтік электр желісін, дизель-генераторларды, аккумуляторларды және басқа да электрмен жабдықтау көздерін пайдалануға болады. 10. Ұшуларды қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес электр энергиясын тұтынушылардың ҰРТҚ және байланыс құралдарының кепілді электр қоректендіру қалқаншасына қосылуына рұқсат етілмейді. 11. Метеорологиялық жабдық пен ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жабдығы жұмысының қалыпты жағдайларын (жылу беру, желдеткіш, кондиционерлеу, авариялық жарықтандыру) және жарық техникалық жабдықты қашықтан басқаруды қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды, бұл жүктемелерді тоқтан тиісті қорғауы бар жекелеген автоматты ажыратқыштарға бөлу шартымен, қосуға жол беріледі. 12. ҰРТҚ және байланыс объектілерін жабу және/немесе тарату туралы шешімдер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қабылданады.
§ 2. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмысын бақылау
13. ҰРТҚ және байланыс құралдары қозғалыс қызметінің ұшулар басшысымен (диспетчермен) келісім бойынша және РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері журналына (Ережеге 1-қосымша) және құжаттау құрылғысына міндетті жазу түсіре отырып ауыстырылып қосылуы, қосылуы және ажыратылуы тиіс. Сондай-ақ осы журналда ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс сапасы, олардың жұмысында ескертулердің бар болуы немесе жоқтығы туралы жазу жазылады. 14. ҰРТҚ және байланыс объектісінің жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығы жұмысты тоқтатқан сәттен бастап жұмыс істеу қабілеттігі қалпына келтірілгенге дейін есептеледі және РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері журналына жазылады. 15. ҰРТҚ және байланыс объектісінің (құралдарының) істен шығуының әрбір жағдайын, себептеріне қарамастан, азаматтық авиация ұйымының басшысы тағайындаған комиссия тексереді. Тексеру нәтижелері істен шығуды тексеру актісімен (Ережеге 2-қосымша) ресімделеді. 16. Инженерлік-техникалық персоналдың тұрақты қатысуынсыз жұмыс істейтін ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінің жұмыс істеу қабілеттігін бақылауды РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері қашықтан бақылау мен басқару жүйесінің сигналдары, диспетчерлік және ұшу құрамының шақырулары бойынша жүзеге асырады. 17. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінде мыналар қосымша: 1) жұмыс істеу қабілеттігін қашықтықтан басқару мен бақылау жүйесі; 2) резервтік электр қоректендіру көзін автоматты іске қосу және қашықтықтан ажырату құрылғылары; 3) күзет және өрт сигнализациясы болуы тиіс. 18. Күзет және өрт сигнализациясы техникалық құралдарының, қолданбалы телевизиялық қондырғылардың жұмыс істеу қабілеттігін жедел бақылауды күзет және өрт сигнализациясы құралдарының техникалық күйіне жауапты лауазымды тұлғалар теңгерімдік тиістілігі мен жасасқан шарттардың негізінде орындайды. 19. Кезекші инженерлік-техникалық персонал бар ҰРТҚ және байланыс объектілерінде ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін бақылауды объектінің құрылымы мен мақсатталуына, электр байланысы арнасына байланысты автоматтандырылған құралдардың сигналдары, жапсырылып салынған бақылау-өлшеу аспаптарының, бақылау индикаторларының көрсеткіштері бойынша, бақылау суретін әуе жағдайы индикаторларында бейнеленген ақпаратпен, тілшілерге, абоненттерге сұрау жүргізу, олардың сөздерін тыңдау нәтижелері бойынша авиациялық электр байланысы арналарының жұмыс сапасын бағалаумен салыстыра отырып, кезекші қызметкер жүзеге асырады. 20. Азаматтық авиация ұйымының басшы құрамы ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жай-күйін және оларды техникалық пайдалануды төмендегіден сирек емес кезеңділікпен: 1) РТЖБП қызметінің басшысы - жарты жылда 1 рет; 2) қызмет бастығының орынбасары (РТЖБП қызметінің бас инженері, кешендердің жетекші инженері) - тоқсанына 1 рет; 3) кешеннің жетекші инженері немесе оны алмастыратын тұлға - тоқсанына 1 рет бақылаулары тиіс. 21. Бақылау нәтижелері мыналарда: 1) объектінің ауысымдық инженерінің (техниктің) жедел журналында - кезекші қызметкері бар объектілер үшін; 2) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу журналында - автоматтандырылған объектілер үшін белгіленеді.
§ 3. РТЖБП қызметінің жұмысын ұйымдастыру
22. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналының ауысым бойынша кезекшілігі ұйымдастырылады. 23. ӘК ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі жалпы міндеттерді орындайтын ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші персоналы пайдаланымдық топ болып табылады және жедел қатынаста РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне тікелей бағынады. 24. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығусыз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет объектілерінің жұмысына жедел басшылықты жүзеге асырады, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы жөнінде ұшқыш және диспетчерлік персоналдың ескертулерін талдайды және олардың істен шығулары мен жарамсыздығы себептерін жою жөніндегі шұғыл шараларды қабылдайды, РТЖБП қызметі объектілерінің және кезекші ауысымның жұмысын бақылайды, автоматтандырылған объектілерді басқаруды және олардың жұмыс істеу қабілеттігін жедел бақылауды жүзеге асырады. 25. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші инженерлік-техникалық персоналының авариялық жағдайдағы іс-әрекеті өзара іс-қимыл жасау және резервтеу жөніндегі ведомствалық нұсқаулармен белгіленеді. 26. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігі бұзылған кезде объектілердің кезекші инженерлік-техникалық персоналы мыналарды: 1) резервтік жабдықты, резервтік электр қоректендіру көздерін, байланыс арналарын резервке қою жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде жұмысқа қосуды қамтамасыз етуге; 2) РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне қалыптасқан жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндауға; 3) жедел журналға объектінің (байланыс арналарының) жұмысындағы үзілістің басталу және аяқталу уақытын тіркеуге; 4) объектінің (байланыс арналарының) жұмыс істеу қабілеттігі бұзылуының себептерін анықтауға және жоюға шаралар қабылдауға; 5) қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне объектінің жұмыс істеу қабілеттігінің қалпына келтірілгені туралы баяндауға тиіс. 27. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдары істен шыққан кезде РТЖБП қызметі персоналының және азаматтық авиация ұйымының басқа да қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібі жергілікті орындарда келісілген азаматтық авиация ұйымының қызметтері персоналының авариялық жағдайдағы өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленеді. 28. ҰРТҚ және байланыстың негізгі құралдары зақымданған жағдайда РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтік құралға ауыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды, бұл туралы ұшулар басшысына (диспетчерге) баяндайды. 29. Радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерінің (байланыс арналарының) негізгі электр қоректендіру көздері зақымданған кезде РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері резервтік электр қоректендіру көздеріне ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы ұшулар басшысына мәлімдейді. 30. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтықтан басқару мен электр қоректендірудің байланыс желілерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыс кезінде мамандардың тұрақты кезекшілігі белгіленеді, олар үшін РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерімен байланыс тәсілдері белгіленуі және құралдары бөлінуі тиіс. 31. Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері ұшулар басшысына (диспетчерге) мәлімдейді және оның рұқсатымен ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқаруға және электр энергиясымен қоректендірудің негізгі көздеріне ауыстыру туралы нұсқау береді. 32. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысындағы ӘК ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының бұзылуына әкелетін барлық өзгерістер туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері РТЖБП қызметі басшылығына және ұшулар басшысына (қозғалыс қызметі диспетчеріне) дереу мәлімдеуі тиіс. 33. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің жұмыс орны ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқару мен бақылау құралдарымен, қозғалыс қызметі ауысымдары кезекшілерінің жұмыс орындары және кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметімен (бұдан әрі - КӨДҚ), азаматтық авиация әуежайының қызметімен тікелей телефон және/немесе дауыс зорайтқыш байланысы бар, азаматтық авиация ұйымының басқа да салалас қызметтерімен және ҰРТҚ және байланыс объектілерімен тікелей телефондық және/немесе дауыс зорайтқыш байланысы бар құралдармен жабдықталуы тиіс. Қызметтік сөйлесулерді құжаттандыру құрылғысы автоматты түрде жазып отыруға тиіс. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің қарамағында радиоландырылған кезекші автокөлік тәулік бойы болуға тиіс. 34. Ауысымдық инженер ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысын көрсететін журналды жүргізеді. (Ережеге 3-қосымша).
3-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмыс істеуінің сенімділігін қамтамасыз ету
§ 1. Сенімділік көрсеткіштері
35. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмыс істеуінің сенімділігі мыналар бойынша: 1) сызба-конструктивтік орындалумен, қолданылатын жинақтауыш элементтердің сапасымен; 2) автоматтау дәрежесімен, резервтеумен, электрмен жабдықтау сенімділігімен, байланыс және басқару жолдарымен, техникалық пайдалануды ұйымдастырумен, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің сапасымен, инженерлік-техникалық персоналдың кәсіби даярлығымен және тәртібімен; 3) пайдалану шарттарымен, электр магниттік жағдаймен, климаттық және метеорологиялық факторлармен, ионосфералық құбылыстармен, радиотолқынның өтпеуімен; 4) тасымалдау және сақтау шарттарымен анықталады. 36. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауы істен шығуға (зақымдануға) арналған орташа жұмысымен сипатталады. 37. Істен шығуға (зақымдануға) арналған істелген (жиынтық) жұмысы Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады. 38. Жөндеуге жарамдылық оның жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақытымен сипатталады. 39. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады. 40. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты істен шығудың (зақымданудың) себептерін іздестіруге және істен шығудың (зақымданудың) салдарын жоюға жұмсалған уақытты қамтиды. Құралдардың жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру кезіндегі ұйымдастырушылық кідірулер жеке ескеріледі. 41. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділік көрсеткіштері ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып белгіленеді, оларды әзірлеу, шығару кезінде негізге алынады және пайдалану процесінде қамтамасыз етіледі. 42. Құралдардың пайдалану ұзақтығы пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап есептен шығарылғанға дейінгі істеген жұмысы (ресурсы) мен пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығымен сипатталады. 43. Пайдалану ұзақтығының көрсеткіштері құралдың формулярында (паспортында) келтіріледі және пайдалану тәжірибесінің негізінде нақтылануы мүмкін. 44. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қосылу, ажыратылу уақыты, жұмыс ұзақтығы дәл ескерілуі тиіс. 45. Істелген жұмысты есепке алу құралдың электр қоректенуін басқару элементін «Қосылған» деген қалыпқа ауыстыру сәтінен бастап жүргізіледі. 46. Істелген жұмысты есепке алу бұйым формулярында мыналар үшін: 1) санауышпен жабдықталған құралдар үшін - санауыштың көрсеткіші бойынша; 2) жүктелген немесе жеңілдетілген резерві бар (жасаушы кәсіпорынмен көзделген) құралдар үшін - барынша көп жұмыс істеген құрал (негізгі немесе резервтік) санаушының көрсеткіштері бойынша; 3) жасаушы кәсіпорынмен көзделген, жүктелмеген резерві бар құралдар үшін - көрсеткіштері қосылып есептелетін санауыштар бойынша ай сайын жүргізіледі. 47. Санауыштармен жабдықталмаған ҰРТҚ және байланыс құралдары үшін олардың істелген жұмысы РТЖБП қызметі ауысымдық инженерінің журналынан алынған деректер бойынша жүргізіледі. Тәулік бойғы жұмысы кезінде күнтізбелік деректер бойынша.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |