Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы (2008.20.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде: 356-тармақтың екінші абзацындағы «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға қаражат бөлуді қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 358-тармақтың 1) тармақшасы «болмаған» деген сөзден кейін «не жетіспеген» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 370-1-тармақпен толықтырылсын: «370-1. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, қарастырылған көзделмеген шығындарға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол берілмейді.». 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың) теңге, оның ішінде: 1) мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға - 5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион) теңге; 2) екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1300000000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге; ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялауға - 1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион) теңге; 4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер (субсидиялау) - 14925600000 (он төрт миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион алты жүз мың) теңге; ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін. 3. Осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қаражатты игеру «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 8-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға бағытталатын қаражатты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ағымдағы нысаналы трансферттермен бөлу бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қосымша шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді; 2) қаражатты уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 1 қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды қаржыландыру
мың теңге
Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына 2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға бағытталатын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
мың теңге
|