«Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік
ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының
сынаушы- ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлау кезiндегi шығыстарға байланысты мәселелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 919 қаулысымен
Бекiтiлген
Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей
мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында
Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін
даярлауға байланысты шығыс нормалары
1. Сынаушы-ғарышкердің ай сайынғы баламалыстипендиясы | 900 АҚШ долларына сома |
2. Сынаушы-ғарышкердің отбасымен тұруы үшiн тұрғын үйдi (жеке пәтердi) жалға алу ақысы | Іс жүзiндегi шығыстар бойынша (бipақ айына 1500 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) |
3. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде қысқа мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы ғарышкерлерге тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарын төлеу (тәулігіне бiр адамға): | |
а) АҚШ-та | 260 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды |
б) Германияда | 200 Евроға баламалы сомадан аспайды |
с) Украинада | 100 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды |
д) Қазақстанда | 100 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды |
4. Ресей Федерациясы шегiнде қысқа сынаушы ғарышкерлерге тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарын төлеу (тәулiгiне бiр адамға) | 550 ресей рублiне мерзiмдi iссапарларда болатын баламалы сомадан аспайды |
5. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде қысқа мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы-ғарышкерлерге тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары: | |
а) АҚШ-та | 72 AҚШ долларына баламалы сомада |
б) Германияда | 65 Евроға баламалы сомада |
с) Украинада | 53 АҚШ долларына баламалы сомада |
д) Қазақстанда | 55 AҚШ долларына баламалы сомада |
6. Ресей Федерациясы шегiнде қысқа мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы-ғарышкерлерге тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары | 100 ресей рублiне баламалы сомада |
7. Медицина мамандары әзiрлеген рационға сәйкес арнайы тағамға арналған тәулiктiк шығыстар нормалары (жұмыс күндерiнде) | 28 AҚШ долларына баламалы сомада |
а) таңертеңгiлiк ас | 9 АҚШ долларына баламалы сомада |
б) түскi ас | 10 АҚШ долларына баламалы сомада |
в) кешкi ас | 9 АҚШ долларына баламалы сомада |
8. Арнайы жаттығулар үшiн жеке арнайы киім және аяқ киім сатып алуға арналған шығыстар нормалары | Iс жүзiндегi шығыстар бойынша (бiрақ Ресей Федерациясының сынаушы-ғарышкерлерi үшiн белгiленген нормалардан аспайды) |