|
|
|
Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы (2016.24.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2016.24.02. № 105 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын: «55-1) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізеді;»; 14-тармақтың 128) тармақшасы алынып тасталсын. 3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау ережесі. ҚР Үкіметінің 2016.24.02. № 105 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |