Осы редакция 2008 жылғы 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 Қаулысымен 372-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 372-1-қосымша
602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2008 жылға арналған «Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
паспорты
1. Құны: 222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысы; «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру; 2) тауар нарықтарын зерттеу; 3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту; 4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру; 5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру; 6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары. Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау. Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.
|