Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша (2005.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды. Ереженің күші "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Шетелдік іссапарлар" ағымдағы бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 ; 20.07.04 ж. № 771 ; 2005.12.12. № 1234 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар басшыларының және орталық атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың, оның iшiнде Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациясы мүшелерiнiң шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге арналған қаражатты пайдалану республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат есебінен іссапарға жіберу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын межелеу және оған қада қағу, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдері негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін құрылатын делегация үкіметтік делегация болып табылады. 2. Шетелге іссапарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатын пайдалану тәртібі ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша сомалар шегінде республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес тиісті айға шығыстарды қаржыландырудың лимиттерін бөледі. 5. Бөлінген қаражаттан ауыстыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Астана қаласының Қазынашылық басқармасында валюталық есепшот (қолма-қол есеп айырысуға арналған) ашады. 6. Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалында бюджет ақшасын АҚШ долларына ауыстыруды жүргізеді және оларды жоғарыда көрсетілген валюталық есепшотқа есептейді. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын оны күніне дейін тиісті айдың жоспарлы мақсатына баламалы сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған өтінішті Астана қаласының Қазынашылық басқармасына жолдайды. ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1234 қаулысымен 7-1 тармақпен толықтырылды 7-1. Арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушы қол қойған орындалған жұмыстар актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
3. Шетелге іссапарға жіберілетін республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына валюталық қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1234 қаулысымен 8-тармақ толықтырылды 8. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органның шетелдік іссапарды қаржыландыру туралы жазбаша өтініші (бұдан әрі - өтініш) негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражат көлемін және тиісті іс-шараға қатысудың орындылығын негізге ала отырып, шетелдік іссапарға қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Өтініш іс-шараны өткізуге дейін кемінде он бес жұмыс күн бұрын ұсынылады және шетелдік іссапардың мақсаты мен мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен келісімі бойынша өзге де мерзімдерде өтініш беруге жол беріледі. Егер шақырушы тарап Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы лауазымды адамының қабылдаушы тарап аумағында болуына байланысты шығыстарды өзіне алған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тәуліктік шығыстарға қаражат бөлмейді. 9. Шетелдік іссапарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ресімделеді. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды 9-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады. Объективтi себептерге орай, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi қабылдануы мүмкін. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 ; 20.07.04 ж. № 771; 2005.12.12. № 1234 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар басшыларының және орталық атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың, оның iшiнде Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациясы мүшелерiнiң шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге қаражат бөлу республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат есебінен іссапарға жіберу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын межелеу және оған қада қағу, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдері негізінде жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады. Объективтi себептерге орай, осы Ереженің 10-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейін дейін қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгіленген тәртіппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмi қабылдануы мүмкiн. 11. Іссапарлық шығыстарға арналған қаражат бөлу туралы қабылданған шешім негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған сенімхатты беру үшін іссапарға жіберілетін адамдарды көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған сенімхат береді. 12. Шетелдік іссапарларға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1234 қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Шет елге іссапарға жіберілген адамдар іссапар мерзімі өткеннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде іссапарлық сомаларды пайдаланғаны туралы аванстық есепті мынадай құжаттармен қоса ұсынуға міндетті: 1) тұрғын үй-жай, оның ішінде баратын жерге кірер алдында болатын пункттерде жалдағаны жөнінде түбіртек; 2) шот-фактураларды міндетті түрде қоса тіркей отырып, бару-қайту жолына (таксиді қоспағанда) билеттері; (арнайы рейстерді пайдаланған жағдайда талап етілмейді) әуежай әкімшіліктері көздеген жағдайларда әкімшілік алым түбіртектері; 3) төлқұжат көшірмесі; 4) төлқұжатта шекарадан өту туралы белгілер болмаған жағдайларда іссапар куәлігінің көшірмесі. 14. Іссапарлық валюталық қаражаттың пайдаланылмаған қалдығын есеп беруші адам үш жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген валюталық есепшотқа қайтаруы тиіс.
|