|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 777 Қаулысымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы; 3) лот - аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар; 4) лоттың бастапқы бағасы - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға; 5) лоттың ең төмен бағасы - лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға; 6) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы; 7) сатушы - конкурстық басқарушы; 8) сатып алушы - сатушымен, сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз; 9) сауда-саттыққа қатысушы - осы Ережеде белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелген жеке немесе заңды тұлға; 10) сауда-саттықты ұйымдастырушы - конкурстық басқарушымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан және олардың нәтижелеріне мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға; 11) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - бастапқы баға неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін алдын ала жарияланған қадаммен өсетін сауда-саттық әдісі; 12) сауда-саттықтың голландтық әдісі - бастапқы баға қатысушылардың бірі аукцион затын жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін жарияланған қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердің сату жоспары қызметінің негізгі түрін міндетті түрде сақтай отырып, борышкердің мүлкін аукционға бірыңғай лотпен бастапқы шығару туралы қосымша шартты қамтуы тиіс»; бірінші абзацта «Сауда-саттық жүргізу» деген сөздердің алдынан «Сату жоспарында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Барлық немесе жекелеген лоттар бойынша сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргізілмеді деп танылған немесе сату жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін сауда-саттық жүргізудің негізгі шарттарын өзгерткен жағдайда келесі сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабар осы тармақта белгіленген тәртіппен жарияланады.»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредит берушілер комитетінің келісімімен анықтайды.»; 12-тармақтың 9) тармақшасы «мекен-жайлар» деген сөзден кейін «, болған жағдайда веб-сайт» деген сөздермен толықтырылсын; 18-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Әрбір лот бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна ағылшындық әдіс кезінде лоттың бастапқы бағасының 10 %-ын, голландтық әдіс кезінде лоттың ең төменгі сомасының 10 %-ын құрайды.»; 23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде сауда-саттықты осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық басқарушы жүргізеді.». 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Банкроттық рәсімдерін ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін қолданудың ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 514-құжат); 2) «Борышкер-ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сатудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1016 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 420-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |