|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы (2015.23.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда: «Астана қаласы» деген жолдағы «1011» деген сандар «1043» деген сандармен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47492» деген сандар «47524» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен: 1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын езге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |