|
|
|
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды; 2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін; 3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1193 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1193 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |