|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде: 2-тармақта «электрондық түрде» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта» деген сөздер «веб-порталда» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 3) тармақшасында «немесе» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.»; 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тапсырыс беруші мәліметтерді оның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгізілген мәліметтерге өзгерістер енгізген жағдайда тапсырыс беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістерді тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. 7. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді. Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.»; 9-тармақта «және қағаз» деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта «электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «веб-портал арқылы» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;»; 4) тармақшада «конкурстың қорытындылары,» деген сөздерден кейін «бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары,» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшада: «орналасқан орны және» деген сөздер «орналасқан орны,» деген сөздермен ауыстырылсын; «(СТН) немесе» деген сөздер «(СТН) және» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақтың үшінші абзацында «3) тармақшасында» деген сөздер «3), 23) және 32) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.»; «электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді» деген сөздер «веб-портал арқылы енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын; «6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздер «7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді. Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.»; 19-20-тармақтар алынып тасталсын; 22-тармақта «және қағаз» деген сөздер алынып тасталсын; 23-тармақта «мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді» деген сөздерден кейін «электрондық және қағаз түрінде» деген сөздермен толықтырылсын; 25-тармақтың 4) тармақшасында «(СТН) немесе» деген сөздер «(СТН) және» деген сөздермен ауыстырылсын; Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын; кестенің 6-бағанында «/БСН» деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1-бағанмен толықтырылсын: «БСН»; Ережеге 5 және 6-қосымшалар алынып тасталсын; Ережеге 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; кестенің 5-бағанында «/БСН, ЖСН» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-бағанмен толықтырылсын: «БСН, ЖСН»; 7-бағанда «мемлекеттік шарттың» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу туралы шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің 7-бағанында «/БСН, ЖСН» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1-бағанмен толықтырылсын: «БСН, ЖСН»; 9-бағанда «мемлекеттік шарттың» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу туралы шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-бағанда «шарттың тізілімдердегі» деген сөздер «шарттың тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1321 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 7-қосымша Шарттардың тізілімі
Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыруы жөніндегі нұсқамалар
Веб-портал тапсырыс берушіге ақпараттық жүйеде автоматтандырылған жұмыс орнын береді, сол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанына кіру жүзеге асырылады. Тізілімнің электрондық нысанына тапсырыс беруші мәліметтерді былайша енгізеді: «Жазбаның соңғы өзгерген күні» деген 2-бағанда күні мемлекеттік сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда «жыл, күн, ай» (0000.00.00. мысалы, 2008.28.10.) форматында көрсетіледі. «Атауы» деген 3-бағанда тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі. «СТН» деген 4-бағанда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. «БСН» деген 5-бағанда тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. «Шартты қаржыландыру көзі» деген 6-баған мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің мынадай сәйкестігіне сүйене отырып толтырылады: Республикалық бюджет - 01; жергілікті бюджет - 02; бюджеттен тыс қаражат - 03; меншікті қаражат - 04. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі» деген 7-баған мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің мынадай сәйкестігіне сүйене отырып толтырылады: конкурс - 1; баға ұсыныстарын сұрату - 2; бір көз - 3; ұйымдастырылған электрондық саудада - 4; ашық тауар биржалары арқылы - 5; ерекше тәртіп - 6; арнайы тәртіп - 7; шарттың өзгеруі - 8; Заңның нормаларын қолданбастан - 9. «Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі» деген 8-бағанда конкурс өткізу туралы хабарламаға ресми баспа басылымдарында, веб-порталда және тапсырыс берушінің веб-сайтында берілген нөмірлер, мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізу туралы хабарламаға тапсырыс берушінің веб-сайтында берілген нөмір көрсетіледі. «Мемлекеттік сатып алуды өткізу күні» деген 9-бағанда конкурстың қорытындыларын, баға ұсыныстарын сұрату қорытындыларын, бір көзден сатып алу қорытындыларын, тауар биржасындағы сауда қорытындыларын шығару күні «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында көрсетіледі. «Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері» деген 10-бағанда күні «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында, құжаттың нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, конкурс қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі. «Шарт» деген 11-12-бағандарда «жыл, күн, ай» (0000.00.00.) форматында шарт жасасқан күн және шартқа берілген нөмір көрсетіледі. «Шарт валютасының коды» деген 13-бағанда шарт валютасының коды валюталардың жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі. «Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы мәліметтер» деген 14-17-бағандарда өтінімнің нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркелгені туралы хабарламаның деректемелері көрсетіледі. «Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы» деген 18-бағанда тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы көрсетіледі. «Өнімнің сыныптағыш бойынша коды» деген 19-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жіктеуішіне сәйкес 18-бағанда аталған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтары көрсетіледі. «Бірлік үшін бағасы» деген 20-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бір бірлігі үшін баға теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) көрсетіледі. «Саны» деген 21-бағанда тауарлардың саны 20-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі. «Сомасы, теңгемен» деген 22-бағанда шарттың бағасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) көрсетіледі. «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» деген 23-бағанда заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның - шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. «Орналасқан жері (тұрғылықты орны)» деген 24-бағанда заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекен-жайы, атауы, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекен-жайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі. «СТН» деген 25-бағанда салық төлеушінің - өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі. «БСН, ЖСН» деген 26-бағанда заңды тұлғалар үшін - бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі: (ЖСН) көрсетіледі. «Мәртебе» деген 27-бағанда мәтіндік бөлік пен кодтық аймақ мәнінің өнім берушіге заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауға құқық беретін мәртебенің коды көрсетіледі. отандық тауар өндірушілер - 1; жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілер - 2; қылмыстық-түзету жүйесі мекемелері - 3; мүгедектердің республикалық қоғамдық ұйымдары - 4. «Телефон (факс)» деген 28-бағанда өнім берушінің телефоны мен факсі (егер ол бар болса) көрсетіледі. «Шарт бойынша орындалу күні» деген 29-бағанда шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні «жыл, ай» форматында (0000.00) көрсетіледі. «Шарттың орындалу күні «Іс жүзінде» деген 30-бағанда шарттың орындалатын күні шарттың «жыл, күн, ай» форматында (0000.00.00) көрсетіледі. «Тапсырыс беруші іс жүзінде төлеген» деген 31-бағанда шартты төлеу шотына теңгемен не валютамен шартта көрсетілген төлемдердің жүзеге асырылған сомасы (бұл ретте бөлшек бөлігі нүктемен бөлінеді) көрсетіледі. «Шарттың әрекетін тоқтату күні» деген 32-бағанда шарттың қолданылуының орындалуын немесе өзге себептермен орындалмауын тоқтату күні «жыл, күн, ай» форматында (0000.00.00) көрсетіледі. «Шарттың әрекетін тоқтатуының негізі мен себебі» деген 33-бағанда шарттың қолданылуының оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептермен тоқтатылуына негізі мен себебі көрсетіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |