Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 Қаулысы (2008.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 3 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 237 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды, мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттері бар. 2. Агенттік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар. 6. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14. 9. Толық атауы - «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері: 1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеу; 2) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау; 3) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауарлы нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу; 5) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау; 6) мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу; 7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 8) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету; 9) табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; 11) берілген өкілеттіктер шегінде Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясында) бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 237 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясында) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуді; өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуді; өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді; табиғи монополиялар аясының табиғи монополиялар субъектілері осы сала шеңберінде ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жасауды; Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыруды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасайтын үлгі шарттарын әзірлеуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге берген өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізуді; табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекітуді; табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекітуді; мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерін бекітуді; табиғи монополиялар субъектілері қызметінің қаржы және (немесе) техникалық сараптамасын жүргізуді; Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытуды және осы негізде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді; жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың штат кестелерін келісуді; жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісуді; табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді; темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындауды; Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды; заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектілері қызметінің мәселелері бойынша рұқсат беруді; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға ақы алу мөлшері мен тетігін келісуді; табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісуді; тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келісуді; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісуді; табиғи монополия субъектісінің есепке алу саясатын келісуді; мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекітуді; табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингін; темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдерін және газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуді; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеуді; мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізуді; тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы нарық субъектілерінің және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізетін нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін айқындауды; біліктілік талаптарының және белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келуін анықтауды; лицензиялардың тізілімін жүргізуді; өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмыстарын қамтамасыз етуді және мемлекеттік құпияларды қорғауды; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеуді, бекітуді және қолдануды; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеуді; табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді; табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізуді; бұқаралық ақпарат құралдары хабарламаларының және оларда қазіргі бар өзге де материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, мүдделі тұлғалардың жазбаша өтініштері мен хабарламаларының негізінде өз бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауды; Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқама шығаруды; лицензиялық бақылауды; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды жүзеге асырады. 15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде: 1) монополияға қарсы органмен бірлесіп, мемлекет реттейтін бағалар енгізілуі қажет тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 2) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан сұратуға және алуға; 4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сататын нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды шығаруға; 5) монополияға қарсы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол берген нарық субъектілеріне тіркелген бағаны енгізуге; 6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің енгізуі кезінде нарық субъектілеріне тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге арналған босату бағаларын төмендету туралы дәлелді қорытындыны жолдауға; 7) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік пен мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдарға сауалнама жолдауға; 8) табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға міндетті түрде нұсқамалар енгізуге; 9) табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, орындауға міндетті, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге; 10) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық етуге; 11) сотқа жүгінуге; 12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, қызметтеріне) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзімін белгілеуге; 13) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізуге, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге; 14) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 15) Агенттіктің жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға; 16) тексерулер мен сараптамалар жүргізу үшін басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға; 17) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 18) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдауға; 19) өз құзыретінің шегінде табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілері жөнінде шешімдер қабылдауға; 20) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға табыстауға құқығы бар.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынатын Агенттіктің жұмысы үшін жеке жауап беретін Агенттіктің төрағасы және басқарманың алқалы органы - басқарма жүзеге асырады. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттіктің төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары болады. 19. Агенттік басқармасының алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады. Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады. Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметінен өкілдер кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Агенттік басқармасының мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады. 20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді: 1) мынандай шешімдер қабылдау: табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы; уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешімдер қабылдау; 2) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне); Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау. Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібін Агенттіктің регламенті айқындайды. Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Агенттіктің басқармасы Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселе бойынша қарауға және шешім қабылдауға құқылы. Басқарманың шешімдері, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады. Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдау үшін негіз болып табылады. 1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және міндеттерді айқындайды; 2) лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды; 3) Агенттік туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 5) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді; 6) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдайды; 7) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді; 8) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; 9) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және Агенттікте ішкі аудит жүргізу туралы есепті бекітеді; 10) Агенттік өз құзыретінің мүддесіне қарай, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға виза қояды; 11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 22. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Агенттіктің Жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді. 24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді. 25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады. 1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Агенттіктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Үкімет бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын бекітеді; |