Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен (2006.05.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі № 936 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. "Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібінде: 2-2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнің (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат): 2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiмен (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 171-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) жоспарда көзделген іс-шараларды тиiсiнше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігіне (қаржы полициясы) ұсынсын."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың орындалу барысы туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуы туралы жиынтық ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президентi баяндамасының жобасын ұсынсын."; көрсетiлген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: "2003-2005 жылдар" деген бөлiмде: "Орындалуына жауаптылар" деген бағанда: реттік нөмiрлерi 1, 11, 13, 14, 15, 16, 24, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 39, 40-жолдардағы "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 32, 34-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген қысқарған сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген Жоспарға ескертуде: "МАҚКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі" деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгі ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгі (қаржы полициясы)". 4. "2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжілісi барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 839 қаулысына: 3-тармақта "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжілісi барысында қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарында: "Орындалуына жауаптылар" деген бағанда: реттік нөмiрi 2-жолда: 1), 2) тармақшалардағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 7-жолдағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 10-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Мемлекеттік кiрiс министрлігінің Кеден комитетi, Қаржы полициясы агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 34, 449-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережелерiнде: 3-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 28-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігімен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiмен (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: реттік нөмiрлерi 56, 57, 58, 63, 66, 70-жолдардың "Жауапты орындаушылар" деген бағанында "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 7. ҚР Үкіметінің 2006.05.05. № 371 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 8. "Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 465-құжат): 1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
|