|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2020.27.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары» деген 4-бөлімнің екінші абзацында «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде» деген сөздер алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлім алынып тасталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында: 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде: 2-тармақта «ҚазАгро» ұлттық холдингі»,» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын. 4. ҚР Үкіметінің 2020.27.03. № 142 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1183 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |