|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы (2015.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1086 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Іс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше тәртіппен жүзеге асырылады деп белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |