|
|
|
«Алматы» санаторийі» және «Оқжетпес» санаторийі» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Алматы» санаторийі» және «Оқжетпес» санаторийі» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына берсін; 2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 975 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында: көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы «Алматы» санаторийі» ААҚ», «Оқжетпес» санаторийі» АҚ» деген жолдар алынып тасталсын. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына» деген бөлімде: реттік нөмірлері 238-4 және 238-9-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 307 және 308-жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына 307 АЛА - 005281 «Алматы» санаторийі» АҚ 308 «Оқжетпес» санаторийі» АҚ. 3. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2012.19.03. № 340 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |