Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес «Самұрық- Қазына» қоры Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін құрылыс салушылармен мүлікті (ақшаны) өтеусіз уақытша пайдалану шарттарын жасасатын болады. Көрсетілген шарттарда берілген ақшаның қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тиісті тетіктер көзделетін болады. Жылжымайтын мүлік объектілері мен ақшаның шекті лимиттерін қоса алғанда, осындай құрылыс салушылардың тізбесін «Самұрық-Қазына» қоры әзірлейді және Үкімет мақұлдайды. Кейіннен осы жылжымайтын мүлік объектілері «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.»; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде: «Қосымша шаралар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «
». 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесі мақұлдансын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 519 қаулысымен Мақұлданған
Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесі
|