|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2017.30.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат): 32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.»; Техникалық регламентке 1-қосымшада: Сертификаттау схемаларын қолдануда: 8-тармақтың үшінші абзацы «өнімдерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ автокөлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |