«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың
Осы редакция 2009 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Мүдделі министрліктер, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі және ұйымдар: 1) Бағдарламаны тиісінше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін; 2) жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегi № 895 қаулысымен бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау 3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуетi 3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну 3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуетi 3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру 3.8. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісi 3.10. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мен дамытуды SWOT талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi 5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу 5.1.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту 5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту 5.1.3. Ықтимал инвесторлардың «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама іс-шараларын өткізу 5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында кәсіпорындар салу 5.2.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу 5.2.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында кәсіпорындар салу 5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы 5.3.1. Отандық тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжыту 5.3.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру 5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру 6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
Атауы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Оңтүстік» негіздеме арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығы; "Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 қаулысы.
Әзірлеушi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігi
Мақсаты Тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік беру
Міндеттерi Тоқыма кәсіпорындарының аумақта ресурстарды (электр энергиясы, газ, су) тиімді пайдалануға ықпал ететін жеткізу инженерлік желілерін салу; коммуникациялық инфрақұрылымдарды (автомобиль жолдарын, темір жолды, телефон желілерін) салу, қайта жаңарту; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері мен басымдықтарын ықтимал инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнамалық іс-шаралар жүргізу; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу; тігінен біріктірілген, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндіріс құрылысын қамтамасыз ету; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген тауарларды әлемдік тауарлық рыноктарға жылжытуына ықпал ету; »Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру; кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру.
Iске асыру Бірінші кезең: 2007 - 2009 жылдар; мерзімi Екінші кезең: 2010 - 2012 жылдар; Үшінші кезең: 2013 - 2015 жылдар.
Қажеттi Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан ресурстар бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде «Оңтүстік» арнайы және экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу қаржыландыру Республикалық бюджеттің есебінен жоспарланып отыр, көздерi шығындардың жалпы сомасы 4 174,334 млн. теңге; 2007 жылғы өзектілер жалпы сомасы 2 970,546 млн.теңге; 2008 жылғы объектілер жалпы сомасы 1 203,788 млн. теңге. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорнын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салған инвестицияларының ұйғарылған сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сол сияқты "Қазына" тұрақты дамыту қоры" АҚ қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты қолданылады. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалады, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ аумағында кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге "Қазына" орнықты дамыту қоры" АҚ қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты қолданылады. Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдардағы кезең): осы нәтижелер мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген 4 174,334 млн. теңгені игере отырып, заманға сай Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының құрылысын аяқтау; тоқыма өнеркәсібін дамытуға инвестициялағысы келетін отандық және шетелдік компаниялар тартылатын болады. Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар): 15 тоқыма саласы кәсіпорынының құрылысын аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында инвестиция тарту; шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру; мақта талшығының жыл сайын 100 мың тоннаға дейін импортын ескере отырып, мақта талшығының ішкi тұтыну көлемін арттыру; мақта егу алаңын 90 мың га-ға арттыру; өндірістің жалпы көлемінің 30%-ына дейін ішкi рынокта мақта талшығын тұтыну үлесін арттыру күтіліп отыр. Үшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар): Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік рынокқа біріктіру; "Қазақстан тоқымасы" сауда маркасын (бренд) құру және жылжыту.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі алғашқы қадамның бірі болып табылады. Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - «Оңтүстік» AЭA) облыс және тұтастай алғанда Қазақстан үшін келешекті тоқыма секторына инвесторларды тарту үшін құрылды. Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме жоғарыда аталған Жарлық және «Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы болып табылады. Тоқыма жабдығын тиісінше жаңғыртқан кезде Қазақстанның халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаратын жағдайы болады. Осы мақсатқа жету үшін тоқыма өнеркәсібін дамытуға мүлдем жаңа көзқарас қажет. Әлемдік тоқыма өнеркәсібі өндірістің сапа жағынан өзге деңгейіне ауысуына байланысты отандық тоқыма өнеркәсібін жаңарту емес, алғыр технологияларды ендіре отырып, қайта құру қажеттілігі туындайды. Тоқыма өнеркәсібі күрделі қаржы сиымдылардың, ал тоқыма жабдығы - ең қымбат тұратындардың бірі болып табылады. Өзінің ерекшелігіне қарай салынып жатқан тоқыма кәсіпорны инвестициялар салғаннан кейін бесінші жылы ғана жобалық қуатқа шығады, жеңілдікті шаралар неғұрлым ұзақ кезеңге қажет, бұл жағдайда 2015 жылға дейін. Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын дамыту және құру үшін Сайрам ауданында орналасқан алаңы 200 га жер учаскесі бөлінген. Таңдалған жергілікті жермен қатар темір жолы, ЛЭП ВЛ-220 желісі, бес километрде жоғары қысымды газ құбыры өтеді. «Оңтүстік» АЭА атқарушы органы ОҚО әкімдігі құрған «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан мақта өсетін, тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат болып табылатын Қазақстанның жалғыз өңірі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларға келетін мақтаның рентабельділігі егін алаңдарын кеңейтуге және шығымын арттыруға ынталандырады. Шетел инвестицияларын тарту «Оңтүстік» АЭА дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, мұнда отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін жеңілдікті шаралар құрылады. Бағдарлама халықаралық тоқыма рыногының өзгергіштігін ескере отырып, инвестициялық ұсыныстарды, инфрақұрылымның дамуын, отандық компаниялар мен шетелдік инвесторларға рұқсат берген кезде басымдықтарын анықтауды және бағалау өлшемдерін бағалауда стратегиялық көзқарасты анықтайды.
3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуетi
Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі, өйткені осында ғана оны өңдеу үшін қажетті климаттық жағдай бар - күн сәулесінің көптігі, құнарлы суармалы жердің, сондай-ақ ағын су мен еңбек ресурстарының болуы. Мақта өндіру рентабельділігі кейбір басқа дақылдарға қарағанда жоғары екендігін ескеру қажет. Егер соңғы 14 жылда ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы егін алаңдарының төмендеу үрдісі болса, онда мақтаға қатысты керісінше картина қадағаланды, олардың алаңы 2001 жылғы кезең үшін 116 мың га көрсеткіштен 80%-ға (88 мың гa) және 2005 жылғы жағдай бойынша 204 мың га құрады. Мақта облыстың 15 ауданы мен қалаларының 8 ауданында және 2 қаласында өсіріледі. Мақтаның негізгі алаңдары ОҚО Мақтаарал ауданында орналасқан, оның үлесіне жалпы облыстық егістердің 65-тен 75%-ына дейін келеді, мұнда су ресурстарымен қамтамасыз етілуі неғұрлым жоғары, мақта өсірудегі табиғи жағдайлар неғұрлым жоғары, мақта тазалау зауыттарының шоғырлануы жоғары, мақта егуге берілген алаң 2005 жылғы жағдай бойынша 117,8 мың га құрады. 2005 жылы облыста шитті-мақта өнімін жалпы жинау 23,1 ц/га орташа шығымдылық кезінде 464 мың тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы 466 мың тонна көрсеткіштен ауытқиды және 2003 жыл бойынша 360 мың тонна жалпы жинау 104 мың тоннаға артады. Тұтастай алғанда 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі кезең үшін шитті-мақтаны жалпы жинау көлемі өсу үрдісін сақтады, жалпы жинау көрсеткіштері 2000 жылы - 287 мың тоннаны, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны, 2003 жылы - 360 мың тоннаны, 2004 жылы - 466 мың тоннаны, 2005 жылы - 464 мың тоннаны құрады. Мақтаның шығымдылығына көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде топырақтық-климаттық жағдайлар, ұтымды су режимі; өсімдіктердің жұқпалы ауруларымен, арам шөптермен және зиянкестермен күресу құралдарының пайдаланылатын тетіктері; жүргізілетін суару жұмыстарының кешені және сапасы; минералдық қорек деңгейі, еселігі және баланстылығы; пайдаланылатын агрохимиялық тәсілдер; топырақты өңдеу, жинау және жинаудан кейін жаңарту технологиясының негізгі талаптарын сақтау. Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде шитті-мақта 50 пайыздан астамын құрайды. Қазақстанда мақтаның біршама тез пісетін сұрыптары өндіріледі: «C-4727», «C-6524», «Юлдуз». Сол сияқты жаңа сұрыптары аудандырылған және енгізілген «Мақтаарал-3044» және Мақтаарал-3031». Осы сұрыптардың тұқымдарынан шығым 36%-ға жетеді, қорапшаның массасы 6,5-6,8 грамм. Облыста мақтаның асыл тұқымды шаруашылығымен 6 қожалық айналысады. Қазақстанда алынатын мақта орташа талшықты мақта талшықтылары түрлеріне жатады. 80% жалпы шитті-мақта жинау шаруашылық қожалықтарына келеді. Мақта талшығынан басқа, шитті-мақтаны қайта өңдеу өнімдері (май алады, шрот, қабық) тұқым, линт, мақта мамығы. Мақтаның сабақтары мен жармалары отын түрінде пайдаланылады. Мақта-тоқыма секторының ілеспелі салаларын май шығарғыш, целлюлозалық, азық-түліктік, құрама жем және өзге де өнеркәсіп субъектілері ұсынуы мүмкін. Сол сияқты шикізат базасын кеңейтудің аса маңызды факторы Қызылқұм массиві алаңдарын мақта егуге игеру болып табылады, шамамен 90 мың га игеру ұйғарылып отыр.
3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну
OҚO-да мақта талшығын өндіретін 21 зауыт бар, зауыттардың қайта өңдеу суммарлық жобалық қуаты 770 мың тонна шитті-мақтаны құрайды, олардың 12-ci Мақтаарал ауданында - ОҚО-ның негізгі мақта өңірінде, қалғандары - Шымкент, Түркістан қалаларында, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Орташа жылдық қуаттылығын пайдалану 40-45 мың тонна шитті-мақтаға жетеді. Мақта зауыттарының қуаттылықтары 60 %-ға ғана жүктелген, бұл шикізат базасын кеңейткен кезде қосымша қайта өңдеу қуаттылықтарын салмастан мақта өндірісі көлемінің өсуіне мүмкіндік береді. Ішкі рыноктағы баға мақтаның әлемдік рыноктағы жағдаятына байланысты, мақтаға әлемдік бағаның барометрі Cotton Outlook LTD агенттігі (Ұлыбритания, Ливерпуль) жариялайтын индекстің бағаламасы болып табылады, Өнім жинауды жүзеге асырған немесе оған дейінгі кезеңде индекс бағаламасының ауытқуы ішкі рынокта мақтаның рыноктың бағасына әсер етеді. Шитті-мақтаны қайта өңдеу процесінде джинирлеу (мақтаны тазалау) және грединг (талшықты сорттау және бағалау) жүзеге асырылады. Джинирлеу және грединг процестерінің бүгінгі жағдайы өңдеудің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Кәсіпорындар пайдаланатын жабдықтар тұрақты техникалық қолдауды талап етеді (көбі 1970-80 жылдары салынған). Мақта өндіру өнімділігі мен жылдамдығы төмен. Грединг талшық мақта шығаруда негізгілердің бірі болып табылады, өйткені осы процесті жүргізген кезде мақтаның сапасын (ұзындығы, салмағы, тығыздығы, талшықтың түсі және қоқыстың болуы және қысқа талшықты) және тиісінше оның бағасын бағалау. Мақта саласын дамыту үшін грединг процесінің стандарттарын, оның әлемдік рынокта бәсекелесу қабілетін арттыру қажеттілігі туындайды, бұл талшық мақта сапасын бағалау бойынша заманға сай техникасымен жарақталған сапасы бойынша заманға сай зертханалар желісін салу қажеттігін негіздейді. Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 2003 жылғы жағдай бойынша жалпы әлемдік өндірістің 20,5 млн.тоннасынан 0,65 %-ды, 2005 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 0,75%-ға дейін құрады. Талшықты әлемдік тұтыну көлемінің өсуі екі негізгі факторлармен анықталады: әлемдік экономиканың өсуімен және халықтың өсуімен. Талшықты түрлері бойынша тұтынылуын талдау кезінде екі негізгі түрлерінің басымдығы көрінеді: талшық мақта және синтетикалық талшық. Түкті целлюлозды талшықтарды тұтыну өзгерген жоқ, болашақта сол сияқты мақта мен синтетиканың бағаларымен салыстырғанда негізінен бағаның жоғары деңгейі себепті өсуі күтілмейді. Сол сияқты мұнайға әлемдік бағаның өсуіне байланысты синтетикалық талшықтарды өндіру үшін шикізат та үздіксіз қымбаттайтын болады, бұл талшық мақтаның бәсекелестік басымдықтарының өсуіне және талшық мақта мен талшықты тұтынудың жалпы массасындағы оның үлестерінің өсуіне әкеп соқтырады. Мақта талшығы облыс экономикасының негізгі экспорттық өнімі болып табылады. Облыстың экспортында мақта талшығының үлесі жылдан жылға артып, соңғы жылдардың қорытындылары бойынша 45-49 %-ды құрады. Мақта талшығын орнында өңдеу мен түпкілікті өнімді алған кезде экономика тиімдірек болады. |