Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшада: «мемлекеттік органдардың», «және бекітілетін» деген сөздер алып тасталсын; «басшы қызметкерлерінің» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Тағайындауын және босатуын Қазақстан Республикасының Президенті жүргізетін лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы саяси лауазымдарға кандидаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша алдын ала тестілеуден өтеді деп белгіленсін»; Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|