|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1436 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі
Ескертпе: х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер; хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |