|
|
|
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық музыка академиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1560 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде: реттік нөмірі 25-жол жаңа редакцияда жазылсын:
2. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 12-бөлімде: «
» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «
». 4. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы» деген бөлімде: «Қазақ ұлттық музыка академиясы» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақ ұлттық өнер университеті».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |